Құрылым

«Мемсараптама» РМК

«Мемсараптама» РМК қызметінің мақсаты: қала құрылысын жоспарлау, аумақтарды дамыту және салу, әлеуметтік, өндірістік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары объектілерінің (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, магистральдық көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да жүйелерінің объектілерін қоса алғанда) жобаларын кешенді бағалау болып табылады.

1988  жылы 8 тамызда құрылды.

Веб-сайт: http://www.госэкспертиза.kz/

 

Толығырақ

«ТҮКШ» Қазорталығы АҚ

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (бұдан әрі – қоғам) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады. Орталық 2009 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй коммуналдық – шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылған. Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тиесілі.

Қоғамның мақсаты нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету, халықтың сауаттылығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, коммуналдық кәсіпорындарды сауықтыру және инновациялық және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Веб-сайт: https://zhkh.kz/

 

Толығырақ

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК

Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы («Мемқалақұрылыскадастры» РМК) – аумақты жобалау және салу, құрылыс объектісін инженерлік қамтамасыз етудің техникалық шарттарын айқындау, инженерлік ізденістер және құрылыс жұмыстарын, қала құрылысы мұқтаждарын жүргізу, мемлекеттік мүлікті есепке алу, елді мекендер аумақтарын ұтымды пайдалануды бақылау, қала құрылысы регламенттерін сақтау және жобаларды іске асыру мониторингі, аумақтарды теңгерімді дамыту ұсыныстарын дайындау және инвестициялау басымдықтарын айқындау үшін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін қалыптастырудың және ұсынудың мемлекеттік монополиялық функциясын жүзеге асырады.

2014 жылғы 30 маусымда құрылды

Веб-сайт: https://aisggk.kz/

 

Толығырақ

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ»

қазақ құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ - аса күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар аудандар мен жер сілкінісіне ұшыраған аймақтарды қоса алғанда, Қазақстанның кешенді құрылысын тиімді дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты.

 

1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған.

Веб-сайт: https://kazniisa.kz/

Толығырақ