Жалпы ақпарат

Ильдебаев Нурлыбек Ануарбекович
Ильдебаев Нурлыбек Ануарбекович

Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

    1. «Кәсіпкерлік бөлімінің» миссиясы: ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
    2. Міндеттері:

    аудан аумағында мемлекеттік кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы экономикалық саясатын жетілдіріп, іске асыру жұмыстарына қатысу;

    ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

    ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы жасалған  әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының іске асырылуын қадағалау және мониторингісін жүргізу;

    тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.

    1. Функциялары:
    • ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын және басты бағыттарын анықтауға қатысады;
    • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы экономикалык бағдарламаларын, осы салалардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарларын жасауға қатысады, ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын Әкімдік мәжілістерінде және Маслихатта қарауға дайындайды;
    • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларын дамыту, қаржылық сауықтыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасап,  шаралар қолдануға катысады;
    • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар болуына ықпал жасайды;
    • Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудандық Мәслихатқа, аудан әкіміне заңда белгіленген тәртіппен ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының дамуы жөнінде есепті тапсырады.
Ережені жүктеу