Жас кәсіпкер Осакаров ауданының Қаракөл көлінің жағасында этноауыл ашты

Жас кәсіпкер Осакаров ауданының Қаракөл көлінің жағасында этноауыл ашты

Осакаров ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл туризмі дамып келеді. Нияз ауылдық округіндегі Қаракөл көлінің жағасында «Ұлттық нақыштағы этноауыл» демалыс орны ашылды. Жобаны аудан әкімінің грантын иеленген жергілікті жас кәсіпкер Хуат Әубәкір жүзеге асырды.

Көрікті жерде демалушыларға қолайлы жағдай жасалған киіз үйлер тігілген. Мұнда келушілер қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, ұлттық ойындарды ойнай алады. Сондай-ақ атпен серуендеп, көлде балық аулауға мүмкіндік бар.

— Туған өлкемнің дамуына үлес қосып, даламыздың сұлулығын мүмкіндігінше көп адамға танытқым келеді. Аудан әкімінің гранты осы ойымды жүзеге асыруға көмектесті. Табиғат аясында тынығып, қазақ халқының салт-дәстүрімен жақынырақ танысқысы келетіндерге қолайлы жағдай жасауға тырыстық, - деді Хуат Әубәкір.

Бастама Осакаров ауданында ауыл кәсіпкерлігін өркендетіп, ішкі туризмді дамытуға бағытталған.

Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімінің мәліметінше