«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 47-бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын дамыту және оларға құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы бойынша 442 елді мекен бар. Оның ішінде 9 облыстық маңыздағы қала, 2 аудандық маңыздағы қала, 14 халқының саны 5 мыңнан жоғары және 417 халқының саны 5 мыңнан төмен елді мекендер бар.
Қазіргі таңда 421 елді мекен, оның ішінде 11 қала (9 облыстық маңызы бар, 2 аудандық маңызы бар), 5 мың тұрғын санынан жоғары 14 елді-мекен және 5 мың тұрғын санынан аз 396 елді-мекендер жаңа бас жоспарлармен қамтылған. Елді мекендердің 96% жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етілген.
Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісіліп, бекітілді.
Осы жол картасына сәйкес, 2018-2021 жылдар аралығында халқының саны 5 мыңнан төмен 374 елді мекендердің бас жоспарлары жасалынды.
Облыстық маңыздағы қалалар бойынша 51 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, атап айтқанда Қарағанды - 23, Балқаш қ. -4, Саран қ.-4, Сәтбаев қ.-3, Теміртау қ. - 5, Шахтинск қ. - 10, Жезқазған қаласы бойынша 2 жобадан әзірленген.
9 аудан орталығының (оның ішінде 2 аудандық маңыздағы Абай, Қарқаралы қалалары) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бас жоспардың құрамында бірге жасалған.