
Құрылыс экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Өңірлер бөлінісінде облыстық құрылыс жұмыстары көлемінің ең үлкен үлес салмағы Қарағандыда, Теміртауда және Саранда.
Бұзушылық фактілерін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабына сәйкес Тапсырыс берушіге немесе кәсіпкерге қатысты жоспарлы не жоспардан тыс тексеру тағайындалады.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жүзеге асырылады:
1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлауы;
2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығы;
3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;
4) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын Құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялар мен жабдықтардың бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, тұрақтылығын, сенімділігін және ғимараттардың (құрылыстардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа) жеке өндірістік бақылаудың және қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
6) атқару құжаттамасының уақтылы және дұрыс ресімделуі;
7) объектілерді салу кезінде Тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
8) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді (ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығымен бекітілген).