Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін өтінімдер қабылдау жүргізілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қарыз алған кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме бағалар бойынша өткізуді қамтамасыз етеді.

Өтінімдерді қабылдауды «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мамандандырылған ұйымы (ҚР Үкіметінің 2018 ж. 10.12. № 818 өкімімен бекітілген) мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Қарағанды қ., Алалыкин к-сі, 12 (анықтама тел.: 980345)

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер):

1) қолданыстағы сауда объектісінің (объектілердің) меншігінде не жалға алу құқығында (қарыз беру кезеңінде қолданылу мерзімімен) болуы);

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымы және/немесе қойма құрылыстары немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлары, материалдық-техникалық базасының болуы.

Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

Дата публикации
23 декабря 2021
Дата обновления
23 декабря 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы