
Шағын және орта бизнесті қолдау өңірдің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Жыл сайын бизнестің іскерлік белсенділігінің өсуі байқалады.
Сонымен қатар келешегі бар жобаларға қаржылық қолдау көрсетілді.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қарағанды облысында «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсіпті, денсаулық сақтауды, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған жобалар қаржыландырылады.
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға микрокредит беру бағдарламасы аясында жеңілдікті шағын несие де беріледі.
Жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған облыс әкімі гранттарын беру жалғасуда.
Моноқалалар мен облыс орталығындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелендіруге бизнестің үлкен қажеттілігін ескере отырып, облыста «Кәсіпкер» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру немесе жалға беру сауда-саттықт (конкурстарда, аукциондарда) арқылы жүзеге асырылады.
Сіз аукционға қойылған жер учаскелерінің тізбесімен ozo-karaganda.kz сайтындағы «ақпараттық стенд» бөлімінде таныса аласыз.