
Облыс көлемінде тіл саясатына қатысты іс-шаралар өткізілуде. Оның ішінде тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тіл-қазына» жаңа жобасы, Ақселеу Сейдімбекке арналған облыстық жас қаламгерлер байқауы, үш тілді меңгерген жастарға арналған «Тілдарын» облыстық байқауы, Ахмет Байтұрсынов атындағы байқау, т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлік нысандардағы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндері бойынша тегін аударма, әдістемелік көмек бағыттарында жұмыстар жүргізілді.
Барлық қала мен аудандарда «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының филиалдарымен бірлесе кәсіпкерлерге арналған шаралар ұйымдастырылады, ақпараттық парақша мен «Тілашар» қысқаша сөздіктері таратылады. «Жедел желі» қызметі арқылы көмек көрсетілді. Осы бағытта «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» мен «Жарнама жедел желісі» жобалары жүзеге асырылды.
Облыс аумағында қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар аясында шаралар ұйымдастырылады. Бұдан басқа латын негізгі әліпбидің жаңа нұсқасымен таныстыру, түсіндіру және насихаттау мақсатында ақпараттық шаралар (пікір алмасу, дөңгелек үстел, конференциялар, байқаулар, онлайн-акциялар, онлайн дәрістер, эссе, диктант жазу байқаулары, дебат, викторина, тікелей эфирлер мен түсіндіру шаралары) ұйымдастырылады.
Облыста елдімекендер, көшелер және мекемелердің атауларын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта облыстағы ономастикалық жұмыстар Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес жүргізіледі.
Атау беру, қайта атау жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 25-5-бабы (Ономастика жұмысының критерийлері) негізінде жүргізіледі.
Ономастика мәселесі бойынша өкілді және атқарушы органдардың құзыреті мен қызметі «Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тиісті баптарында анықталған.
Елдімекендердің, олардың құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту кезіндегі халықтың пікірін ескеру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы, мекемелердің атауын ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен реттеледі.