
Облыстың мәдениет және архив объектілерінің мемлекеттік желісіне 571 ұйым кіреді: 257 кітапхана, 246 клуб үлгісіндегі ұйым, 16 бейнемобиль, 4 театр, 17 мұражай, 15 архив, 1 концерттік ұйым, облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 11 мәдениет және демалыс саябағы, кинотеатр, хайуанаттар бағы.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында археологиялық зерттеулер, қалпына келтіру жұмыстары және мәдени мұраны насихаттау бойынша әлеуметтік маңызды жобалар жүргізіледі.
Облыста 13 музей мен 4 филиал жұмыс істейді. облыс музейлерінде сақталатын жәдігерлердің жалпы саны 378785 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде негізгі қор – 273433 сақтау бірлігі. Тарихи-мәдени мұраның сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және зерделенуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша облыс музейлерімен жинақтау және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс музейлері 4 177 экспонат жинады - этнография, сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме және т.б.
Қарағанды облысының мемлекеттік кітапханалар желісіне 257 кітапхана кіреді.
Қазақстанның мәдени саясатын іске асыру мақсатында клуб үлгісіндегі ұйымдар белсенді жұмыс істеуде.