Құрылым

Әдеп жөніндегі уәкілі

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бақылау және мониторинг жүргізу мәселелері кіреді.

Толығырақ

Өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің орындалуын қамтамасыз ету. Келіп түскен өтініштерге ақпараттық-талдамалық шолу.

Толығырақ

Телефон:

+7 7212 501532 (6776)

Электрондық пошта:

k.bukharshin@karaganda-region.gov.kz

Жобалық кеңсесі

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне жобалық басқаруды бейімдеу және кешенді енгізу. Ұлттық және өзге де жобаларды іске асырудың жедел мониторингін қамтамасыз ету.

Толығырақ

ТҚК бөлімі

Облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету, терроризмнің профилактикасы, терроризм салдарын азайту және (немесе) жою бойынша жерглікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық және жергілікті мемлекеттік территориялық бөлімшелерінің, органдарының, атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру.

Толығырақ

Телефон:

+7 7212 501529

Электрондық пошта:

a.dosanov@karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысы әкімі аппаратының экономикалық даму, әлеуметтік, агроөнеркәсіптік кешені, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіп және ТЖ бөлімі

Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық, облыстық және өңірлік даму бағдарламаларының, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің, оның бірінші орынбасарының шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асырылуын бақылау және орындалуына талдау жүргізу.

Толығырақ

Қаржылық-шаруашылық бөлімі

Облыстық әкім аппаратында республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджеттік бағдарламаларын орындау бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету.

Толығырақ

Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

Қарағанды облысының әкімі мен әкімдігінің, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ММ-нің жұмысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Қарағанды облысының әкімі мен әкімдігінің, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ММ-нің, Қарағанды облысы басқармаларының, барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың аппараттарының жұмысын қамтамасыз ететін заңнама қолдану тәжірибесін жинақтау.

Толығырақ

Телефон:

+7 7212 501533

Электрондық пошта:

bo.erbaev@karaganda-region.gov.kz

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Облыс әкімінің аппаратында іс жүргізудің бірыңғай тәртібін жүргізуді қамтамасыз ету және бөлімдерде, басқармаларда, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында осы жұмысқа әдістемелік басшылық жасау; құжаттарды тиісті уақытында қарауды ұйымдастырады, басшыға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды жүзеге асырады, құжаттардың орындалу нәтижелері туралы аппарат басшысын тұрақты түрде хабардар ету; бақылау-анықтама және басқа картотекаларды жасақтау және жүргізу. 

Толығырақ

Әлеуметтік сала және қоғамдық дамыту бөлімі

Мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, ішкі, тіл және жастар саясаты салаларында, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында, мемлекеттік саясатты іс жүзінде жүзеге асыру және үйлестіру сұрақтарында мемлекет Басшысының саясатын, ҚР Үкіметінің қаулысын және облыс әкімінің қаулыларын іске асыруды қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

8(7212)501516

Электрондық пошта:

rymbekova_gs@akimat09.kz

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі

Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Толығырақ

Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі

Облыс әкімінің, әкімдіктің және облыс әкімі аппаратының іс-әрекетін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету. Қоғамдастықпен, облыстық және республикалық өкілдік органдармен, сондай-ақ, облыстағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен облыс әкімінің ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асыру. Облыс өңірлеріндегі істің ахуалына талдау жасау. Проблемаларды анықтау, оларды шешу бойынша ұсыныстарды жинау, облыс әкімінің қатысуымен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету.

Толығырақ

Облыс әкімінің Баспасөз қызметі

Облыстағы экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы ақпараттық-сараптамалық материал дайындау және оны облыс әкімі мен облыс әкімдігінің лауазымдық тұлғаларына ұсыну. Облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету, облыстық өзін өзі басқару органдарының жұмысы туралы ақпарат дайындау және тарату туралы аймақ басшысына ұсыныс тастау.

Толығырақ

Баспасөз хатшысы:

Бекова Аида Гомаровна

Телефон:

+7 777 109 93 74

Электрондық пошта:

a.bekova@karaganda-region.gov.kz

Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімше

Кұпия жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу кезінде құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды жасайды және іске асырады, оның ішінде құпия ақпаратты есептеу техникасы құралдарын және басқа да теникалық құралдарды, құпия бұйымдармен және құжаттармен жұмыс істеу кезінде.

Толығырақ

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, аумақтық даму бағдарламаларына қол жеткізуге көмектесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын басқаруды және пайдалануды жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз ету; құрылған мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтері тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша электрондық.

Толығырақ