Меню

Страницы

Статья

Regulations on awarding the prize of the Akim of the Karaganda region "Til zhanashyry"

Тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы тағайындалады.

«Тіл жанашыры» сыйлығына үміткер ретінде тілдерді дамытуды насихаттап, оны іске асыру шараларына белсене атсалысып жүрген мемлекеттік және азаматтық қызметшілер; әртүрлі ғылым салаларының мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да жеке тұлғалар қатыса алады.

«Тіл жанашыры» сыйлығы комиссияның шешімімен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру шараларын насихаттауға үлес қосқан үміткерлер арасынан үздік деп танылған тұлғаға төмендегі номинациялар бойынша беріледі.

1.  «Тіл майталманы». Облыс аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейтуге қомақты үлес қосып, тіл саясатын насихаттау мен тілдерді дамыту шараларына белсене қатысып жүрген әртүрлі ғылым салаларының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатыса алады.

2. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте». Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған облыстық, қалалық, аудандық, ведомствоаралық іс-шараларға белсене қатысып, жетістіктерге ие болған; мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына және өз қызметі саласында мекеменің мемлекеттік тілге көшуіне атсалысып, тіл саясатын облыс деңгейінде насихаттауға үлес қосқан мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, мемлекеттік мекеме мамандары қатысады.

3. «Тіл жаршысы» - екі сыйлық. Тіл саясатын жүзеге асыру шараларын бұқаралық баспа құралдарында қазақ және өзге тілдерде белсенді түрде насихаттап жүрген тілшілер (оның ішінде штаттан тыс және басқа да тұлғалар) қатыса алады.

4. «Үздік телехабар» - екі сыйлық. Тіл саясатын жүзеге асыру шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде насихаттап жүрген тележурналистер (оның ішінде штаттан тыс) мен  шығармашылық ұжымдар қатысады.

Сыйлық Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына үміткерлерді таңдау жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.

Номинацияларға қатысушы үміткерлер келесі құжаттар жинақталған портфолио ұсынады:

-  барлық номинациялар үшін:

1) қатысатыны туралы ұсыныс;

2) өмірбаян;

3) мемлекеттік тілді дамыту саласында жеткен жетістіктері үшін марапаттау құжаттарының көшірмелері (грамота, диплом, алғыс хат, сертификат, БАҚ-ғы жарияланымдары (соңғы 3 жыл ішіндегі);

4) өлшемі 9х12 бір кәсіби фотосурет;                                                              

5)  жеке куәліктің көшірмесі;

6) қызмет орны, лауазымы, мекенжайы, байланыс құралдары (телефон, e-mail).

- төмендегі номинациялар бойынша ұсынылатын қосымша талаптар:

- «Тіл жаршысы» номинациясына үміткерлер үшін мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда баспа құралдарында жарияланған үздік мақалалары баспаның атауы, мерзімі мен беті көрсетіліп, баспа басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет;

- «Үздік телехабар» номинациясына үміткерлер үшін мемлекеттік тілді насихаттау бағытында ұсынылған телебағдарламалар мен телехабарлардың бейнежазбалары телеарнаның атауы мен эфирге шыққан уақыты мен өткізілу тәртібі басшының қолы қойылып, мөрімен расталуы қажет.

Жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлердің материалдары қабылданбайды. Үміткерлікке ұсынылған материалдар қайтарылмайды және пікір берілмейді.

«Тіл жанашыры» сыйлығының үміткері бір ғана номинацияға қатыса алады. Сонымен қатар, бас жүлдеге ие болғандар қатыса алмайды.

«Тіл жанашыры» сыйлығына үміткерлердің материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қабылданады. Материалдар электрондық поштамен қабылданбайды. Материалдарды қабылдаудың соңғы күні: 2016 жылғы 26 тамыз.

Анықтама телефондары: 8/7212/ -  567476, 569348-ф

Дата публикации
10 ноября 2016
Дата обновления
10 ноября 2016
Тип

Сейчас читают

Information
16 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
Project "Erkin Microphone"

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты