Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2016 жылғы 18 қарашада Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыс тілді) облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты:
Байқау шарттары:
Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және бағалайды.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен, байқау жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрларда ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.
Арнайы жүлде біреу – 100 000 (жүз мың) теңге
І орын үшеу – 60 000 (алпыс мың) теңгеден
ІІ орын үшеу - 50 000 (елу мың) теңгеден
ІІІ орын үшеу – 30 000 (отыз мың) теңгеден
Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.
Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (қазақ немесе орыс тілдерінде электронды және қағаз нұсқасы) 2016 жылғы 12 қарашаға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел. 567476, 569348-ф) қабылданады.