БЕКІТЕМІН
Қарағанды облысының
тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасының басшысы
______________Г. Қаңтарбекова
______________ 2018 жыл
Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ
2018 жылдың 16 қарашасында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыс тілді) дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаттары:
Байқау шарттары:
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Байқаудың жүлде қоры
Байқау жүлдегерлері әр жанр бойынша (поэзия, проза, көсемсөз) дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.
Арнайы жүлде (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге
І орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден
ІІ орын (үшеу) - 100 000 (жүз мың) теңгеден
ІІІ орын (үшеу) – 70 000 (жетпіс мың) теңгеден
Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.
Байқауға қатысу
Байқауға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2018 жылғы 31 қазанға дейін akseleu-baikau@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476
Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауына қатысуға өтінім үлгісі
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған датасы |
Өңірі |
Жұмыс/оқу орны |
Байланыс телефондары, электронды поштасы |
|
|
|
|
|
|