Меню

Страницы

Статья

REGULATIONS of the regional competition "Abay oqulary"

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 18 тамызда Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген жастардың ықыласын арттыру, халықтың рухани бірлігін нығайту мақсатында өзге ұлт жастары арасында «Абай оқулары» байқауын өткізеді.

Байқау тапсырмалары:

  1. Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу;
  2. «Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау;
  3. Абай әнін орындау (1 ән).

Әр тапсырманы орындау уақыты 3 минуттан аспауы тиіс.

Байқау шарттары:

Байқауға қатысу үшін қала және аудан, мекеме, жоғары және арнайы орта, жалпы білім беру орындарынан көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген 18-22 жас аралығындағы өзге ұлт жастары шақырылады. Облыс орталығын қоспағанда, әрбір өңірден бір үміткер қатыса алады.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:

  • көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне;
  • қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалардың сақталуына;
  • әнді орындау шеберлігіне;
  • сахналық мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударады.

Байқау жүлдегерлері диплом, алғыс хат және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Примечание: к участию в конкурсе не допускаются победители предыдущих конкурсов «Абай оқулары», молодежь, обучающаяся в среднеспециальных учебных заведениях, в вузах по специальности «казахская филология»,  работники сферы искусства, преподаватели и студенты ВУЗ-ов этой сферы, а также учителя школ.

Ескерту: бұрын өткізілген байқаулардың жүлдегерлері, жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беретін мекемелерде «қазақ филологиясы» мамандығы бойынша оқитын жастар, кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері биылғы облыстық байқауға жіберілмейді.

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі 2017 жылғы 14 тамызға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында(Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 569348 - ф.

№

Аты-жөні

Туған жылы

Қызмет немесе оқу орны

Оқитын шығармалары

Байланыс телефондары

Поэзия немесе қара сөз

«Абай жолы» романынан үзінді

Абайдың әні

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2017
Дата обновления
06 февраля 2017
Тип
Information

Сейчас читают

Information
16 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
Project "Erkin Microphone"

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты