Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбековтің туғанына 75 жыл толуына орай Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыс тілді) облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаттары:
Байқау шарттары:
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Байқау жүлдегерлері дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.
Арнайы жүлде (біреу) – 100 000 (жүз мың) теңге
І орын (үшеу) – 60 000 (алпыс мың) теңгеден
ІІ орын (үшеу) - 50 000 (елу мың) теңгеден
ІІІ орын (үшеу) – 30 000 (отыз мың) теңгеден
Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.
Байқауға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса), А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (электронды және қағаз нұсқасы) 2017 жылғы 15 қыркүйекке дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (100008, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел. 567476, 569348-ф, b.altynbek@karaganda-region.gov.kz) қабылданады.