Меню

Страницы

Статья

Regulations on awarding the prize of the Akim of the Karaganda region "Til zhanashyry"

Қарағанды облысы әкімінің "Тіл жанашыры" сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңыздылығын арттыру, тілдерді дамытуға және мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру және қолдау көрсету мақсатында беріледі.

Облыс әкімінің сыйлығы Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған салтанатты іс-шарада жылына бір рет беріледі.

Сыйлыққа үміткерлер ретінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға және насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

"Тіл майталманы" номинациясы (шығармашылық қызметпен айналысатын азаматтар мен 35 жастан асқан зиялы қауым өкілдері арасында);

"мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте" номинациясы (мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, штаттан тыс мамандар арасында);

"Тіл жаршысы" номинациясы (қазақ және орыс тілдерінде баспасөз басылымдарының журналистері, штаттан тыс тілшілері арасында);

"Үздік телехабар" номинациясы (қазақ және орыс тілдеріндегі телебағдарламалардың авторлары арасында);

"Жас полиглот" номинациясы (14-29 жас аралығындағы жастар арасында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген);

"Тіл білгірі" номинациясы (түрлі этнос жастары арасында 14-29 жас аралығында мемлекеттік тілді еркін меңгерген, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлделі орындарға ие болған жастар);

"мемлекеттік тіл - бизнес" номинациясы (шағын және орта бизнес өкілдері арасында).

Номинацияларға қатысу үшін құжаттар:

1) түйіндеме, Өмірбаян, ұсыныс-мекеменің сипаттамасы;

2) 1 фотосурет (көлемі 9х12);

3) жеке куәліктің көшірмесі;

4) мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру жөніндегі жобалық ұсыныс;

5) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында қол жеткізілген жетістіктерді растайтын құжаттар мен материалдардың көшірмелері (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телебағдарламаларға, бағдарламаларға қатысқаны туралы анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жылда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша ұсынылады.

Сыйлыққа үміткер тек бір номинацияға үміткер бола алады, сондай-ақ сыйлық лауреаттарының құжаттары үш жыл ішінде қайта қабылданбайды.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, түсініктемелер берілмейді.

"Тіл жанашыры" сыйлығына үміткерлердің материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы мекен-жайы бойынша қабылданады.

Материалдар электрондық пошта арқылы қабылданбайды. Материалдарды қабылдаудың соңғы күні: 2017 жылғы 25 тамыз.

Анықтама телефондары: 8/7212/567476

Дата публикации
21 июля 2017
Дата обновления
21 июля 2017
Тип
Information

Сейчас читают

Information
16 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
The relevance of training tasks in teaching the Kazakh language
Information
12 февраля 2021
Project "Erkin Microphone"

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты