СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ
НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес 2022 жылдың 27 тамыз күні сағат 15.00-де Мәдениет үйінің ғимаратында Сәкен Сейфуллин атындағы кентте идеологиялық тұрғыда ескірген Крупская көшесінің атын ауыстыру туралы қоғамдық жиналыс өтеді.
Барлық ұсыныстар мен ескертпелер Сәкен Сейфуллин атындағы кент, Байғозы батыр көшесі 7 мекен-жайында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы кент әкімінің аппаратында және Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қабылданады.