Ауданда көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беруші және осы бағытта қызмет алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бүгінгі күнде жергілікті атқарушы органдардың 10 мекемесі тарапынан 55 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 3640 қызмет көрсетілді. Қағаз жүзінде 272 қызмет, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 586 қызмет, ал электронды түрде 2782 қызмет көрсетілді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтердің 76% онлайн форматта алынғанын көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған қызмет көрсетушілердің байланыс телефондары арқылы тиісті ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер туралы барлық ақпараттар ресми сайттың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Түсіндірме жұмыстарға тоқталсақ, ағымдағы жылы Электрондық Үкімет веб порталын популяризациялау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде баннерлер ілініп, кітапшалар таратылды және мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелердің ақпараттандыру тақталарында ақпараттар орналастырылды.
Аудандық газетке және барлық әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақыру жөнінде мақалалар әрдайым жарияланып тұрады.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі онлайн және офлайн форматында 5 рет ұйымдастырылды.
Бұған қоса, мекеме басшылары тарапынан тікелей эфирде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібі түсіндірілуде.
Жалпы аудан аумағында 65 өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 2758 мемлекеттік қызмет және әр түрлі анықтамалар электрондық веб - порталдан алынған.
Мемлекеттік қызметтерді алумен қоса оны бағалау қажеттілігі туындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін «Цифрлық агент» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы жүзеге асырылады және де көрсетілген мемлекеттік қызметке шағымдану мәселесі бойынша 1424 нөміріне Call – орталыққа немесе Senim 109 қызметінің 109 нөміріне хабарласуға болады.
Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылай келе, былтырғы жылы тәуелсіз сарапшымен ауданда көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізілді. Нәтижесі бойынша көрсетілген қызметтердің деңгейі мен сапасы жоғары бағаланып, қанағаттанудың орташа баллы- 5 балдық жүйе бойынша 4,83 баллды (96,7%) құрады.