12.03.2023 жылы «Ақжал кенті әкімі аппараты» ММ және «Ақшатау кенті әкімі аппаратының» ММ мемлекеттік қызметкерлерімен зуум бағдарламасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының талаптары мекеме қызметкерлеріне жан-жақты түсіндірілді.