Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
- Красная поляна ауылдық округінде қарт тұрғындарға арналған мерекелік кеш өтті. Қонақтарға жылы әрі жайлы атмосфера, мерекелік бағдарлама және жақсы қарым-қатынас ұйымдастырылды. Іс-шара көңілді өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Осындай кездесулер үлкендерімізге көңіл бөліп, қамқорлық пен қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді.
- Красная Поляна ауылдық округінде облыстық сенбілік өтті. Сенбілік барысында бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аумақтар қоқыстан тазартылып, тазалық пен тәртіпке келтірілді. Бірлесе атқарған жұмыстарымызбен ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосайық!
- Красная поляна ауылдық округінде «Ит болғым келмейді» атты ертегі-спектаклі өтті! Жас көрермендер қойылымды қызығушылықпен тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер алды!
- Адалдық пен әділдік – қоғамның басты құндылығы «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Красная поляна ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Адалдық пен әділдік – әр азаматтың ортақ ұстанымы!
- Красная поляна ауылдық округі Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған «Тіл – Fest» іс-шарасына белсенді қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тіл білу деңгейлерін және еліміздің мәдени әралуандығына деген құрметін көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, түрлі этнос өкілдерін біріктірді.
Маңызды
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз

