Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
- Маскүнемдіктің алдын алу — халық денсаулығын сақтаудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастырудың маңызды аспектісі.
- Қазақстанда апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады 2026 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады. Апта ішінде пияздың бағасы 4%-ға, қант 2,6%-ға, алма 1,8%-ға, картоп 1%-ға, сәбіз 0,8%-ға, балық 0,3%-ға арзандады. Сондай-ақ қаймақ, ет фаршы және күріш бағасы 0,2%-ға төмендеді. Есепті аптада ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Атырауда 0,3%-ға, Түркістан мен Ақтауда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар өткен аптадағы деңгейде сақталды. Еліміз бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 133 теңгені құрады. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркелді, килограмы 108 теңге. Республика бойынша қанттың орташа бағасы килограмына 435 теңге болды. Ең төмен баға Ақтөбеде тіркелді, килограмы 368 теңге. Алманың орташа бағасы республика бойынша килограмына 699 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте байқалды, килограмы 494 теңге. Қиярдың орташа республикалық бағасы килограмына 536 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда және Таразда тіркелді. Түркістанда қиярдың килограмы 346 теңге, Таразда 414 теңге болды.
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Жаңа Конституция мемлекеттік құрылымның негіздерін, жеке тұлға мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп және ұлттық бірлік қағидаттарын бекітеді. Конституция – мемлекет пен қоғамның құқықтық негіздерін айқындайтын елдің Ата Заңы.
- облыстық мәдениет пен өнерді дамыту орталығының "ЗЕРДЕ" ақпараттық жылжымалы мәдени-сауық кешені "ЕЛГЕ ШАШУ" атты концерттік бағдарламасын Дәрия кент тұрғындарына тарту етті
- «Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершілікті қалыптастыратын ортақ бастама.
Маңызды
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз

