
«Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК негізгі корпусы Саранская көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. Ауруханада мол тәжірибелі, білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Аурухана жұмысының негізгі бағыты медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасын жүйелі түрде арттыру болып табылады.
Қазіргі уақытта «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК құрамында 71 төсектік стационар, 33 төсектік күндізгі стационар және ауысымда 388 келушіге арналған емхана, білікті кадрлары бар және персонал жұмысы үшін, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындары мен қонақтарына медициналық көмек көрсету үшін тамаша жағдайлар жасалған.
Қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны – 52059. Аурухананың жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.
Аурухана жұмысындағы басым бағыттар:
Миссиямыз – Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын тұрақты жақсартуға бағытталған тіркелген тұрғындарға қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету. Пайымдауымыз – қолжетімділікті және экономикалық тиімділікті бір мезгілде жоғарылата отырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.