Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

«Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК негізгі корпусы Саранская көшесі, 28 мекенжайында орналасқан. Ауруханада мол тәжірибелі, білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Аурухана жұмысының негізгі бағыты медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасын жүйелі түрде арттыру болып табылады.

Қазіргі уақытта «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК құрамында 71 төсектік стационар, 33 төсектік күндізгі стационар және ауысымда 388 келушіге арналған емхана, білікті кадрлары бар және персонал жұмысы үшін, сондай-ақ Саран қаласының тұрғындары мен қонақтарына медициналық көмек көрсету үшін тамаша жағдайлар жасалған.

Қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны – 52059. Аурухананың жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні – сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.

Аурухана жұмысындағы басым бағыттар:

  • Фертильдік жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту;
  • Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу;
  • Қант диабетінің алдын алу;
  • Онкологиялық аурулардың алдын алу;
  • АИВ-инфекциясының, туберкулездің және жыныс жолдарымен берілетін аурулардың алдын алу;
  • Санитарлық ағарту және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Ана мен баланың өмірін қорғау;
  • Науқастарды медициналық оңалту болып табылады. 

Миссиямыз – Қазақстан Республикасының орнықты  әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын тұрақты жақсартуға бағытталған тіркелген тұрғындарға қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету.  Пайымдауымыз – қолжетімділікті және экономикалық тиімділікті бір мезгілде жоғарылата отырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.

 

Дата публикации
Дата обновления
01 июня 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы