Жалпы ақпарат

Батпақты ауылдық округінің әкімі
Рахимберлинов Булат Балмакаевич

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі

Әкімдік туралы

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Батпақты ауылдық округі Осакаровка кентімен, Пионерский, Сарыөзек, Николаевка ауылдық округтерімен шектеседі.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Батпақты ауылдық округіне төрт ауыл кіреді: Батпақ, Ошағанды, Ақпан, Сарыөзен. Орталығы-Батпақ аулы. Округтің жалпы аумағы 56764 га, халқы 1437 адамды құрайды.
Батпақты ауылдық округінің облыс орталығынан қашықтығы 71 км, аудан орталығынан 14 км.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты