«Кеншілер мәдениет сарайы» КМҚК

Басшы: Акишев Жарулла Пазылұлы

Кеншілер мәдениет сарайы – Қарағанды қаласының басты ерекше ғимараттарының бірі. 1940 жылы салынып, архитектор И.Бреннер и Я.Яноша бастамасымен құрылыс басталып, 1952 жылы қолданысқа берілген. Облыстық ірі іс-шаралардың көпшілігі осы ғимаратта өткізіледі. Кеншілер мәдениет сарайы қаламыздағы сирек сәулет ескерткіші қатарына жататындықтан бізге саяхаттап келушілердің де қатары көп. Мектеп-интернат, жоғарғы оқу орындарының студенттері, сонымен бірге қаламызға саяхаттап келетін шетелдіктердің да қатары көптеп кездеседі. Кешен 750 адамға арналған көрермендер залынан, вестибюльден, жоғарғы және төменгі қабаттағы 2 фойеден тұрады. Ғимараттың фасады 6 колоннадан тұрады.

Тұрғылықты халыққа қызмет етіп, өнерге қадам басқан әрбір жанға бойындағы талантын ашуға мүмкіндік жасау – сарайдың басты мақсаты.

Жас таланттарды анықтау және қолдау, сондай- ақ өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жыл сайын әр түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Республикалық «Жұлдыз» эстрадалық әндер орындаушыларының байқауы  (2015 жылдан бастап жалғастырылды)

Облыстық студенттер арасында өтетін сұлулық және шығармашылық «Көктем аруы» байқауы.( 2015ж).

Қалалық  караоке «City voice» байқауы. (2019ж).

Балалар мен жасөспірімдер арасында шығармашылықты дамыту мақсатында төмендегідей байқаулар ұйымдастырылады.

Оқушылар арасында қалалық мәнерлеп оқу байқауы (2015ж).

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыстық  «Парад колясок»  қол арба шеруі. (2015ж).

Халықаралық би күніне облыстық  «Би әлемі» байқауы. (2006ж)

Облыстық патриоттық әндер байқауы (2017ж).

Балалар арасында қалалық сұлулық  «Litle miss – Karaganda» байқауы. (2019ж).

Облыстық «Жас Сарбаз» оқушылары  арасындағы саптық  ән айту байқауы.

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру және насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету  мақсатында  төмендегі іс-шаралар ұйымдастырылады:

Облыстық дәстүрлі ән байқауы. (2017ж).  

«Күй қазына»  ұлттық аспапта ойнау шығармашылық кештері.

Егде жастағы адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай –ақ дәстүрімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында облыстық «Ата- әжелер» байқауы.(2019ж)  

Кеншілер мәдениет сарайында 29 ұжым жұмыс істейді, қатысушылар саны 733 адам, 3 ұжым"Халықтық" атағына ие. Бұл халық" Шахтер "ансамблі," Марианна " авторлық әндер Халық клубы және халық композиторлар клубы.

Байланыстар:

Мекен-жайымыз:

Қарағанды қ., Бұқар жырау д-лы, 32

Телефон: Басшының қабылдау бөлмесі 8 7212 41-14-77. касса  87212 41-01-95

E-mail: dkg_11@mail.ru