«Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» КМҚК

Басшы: Угланова Полина Михайловна

Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі ХХ ғасырдың 40-шы жылдары құрылды. Басында бұл Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының ғимаратындағы қызыл бұрыш болатын, ал содан кейін 1978 жылы Мәдениет үйі мәртебесін алған клубқа айналды.

Зағиптер және нашар көретіндер мәдениет үйі аудиториясын көзі көрмейтін мүгедектер құрайтындықтан бұл жағдай жұмысты зағиптер мен нашар көретіндердің ерекшеліктерін есепке алумен құрудың міндетті талабы болып табылады. Сондықтан Зағиптер және нашар көретіндер мәдениет үйі қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары жұмыстың басты мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды іске асырады.

Мәдениет үйінде келесі ұжымдар жұмыс істейді:

  • 60-тан артық жыл бұрын ұйымдастырылған хор ұжымы – қазіргі уақытта музыкалық өнерге қызығушылық танытатын хормен ән айту әуесқойларын біріктіретін көркем өнерпаздық ұжымы.
  • Соло ән айту үйірмесі өзінің жеке ән айту қабілеттерін дамытуды тілейтіндер үшін құрылған.
  • Көркем шығармалар оқу үйірмесі көз мүгедектерін сөз өнеріне тарту және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрылған.
  • Эстрадалық миниатюралар үйірмесі өз күшін театр өнерінде сынауға тілейтін көз мүгедектерін біріктірді.
  • Халық аспаптары үйірмесі ұжымдық музыкалауды дамыту мақсатында құрылды.

Сонымен бірге Мәдениет үйінде келесі қызығушылықтар бойынша клубтар және спорт үйірмелері жұмыс істейді:

  • Брайлисттер клубы Брайльдің бедерлі-нүктелі жүйесін үйренуді немесе бұрын үйренген дағдыларды жетілдіруді тілейтіндердің барлығын біріктіреді. Клуб шегінде «Брайль бойынша жазу және оқы» сайыстары өткізіледі.
  • Ақындар клубы. Көзі көрмейтін мүгедектердің әдеби шығармашылығын насихаттау үшін тоқсанына бір рет әдеби қонақ үйлер өткізіледі, оларға поэзия мен әдебиетті сүйетіндер де, сондай-ақ өлеңдерді оқуға, көру бойынша мүгедектердің шығармашылығымен танысу мақсатында барлық тілек білдірушілер де шақырылады.
  • «Шебер қолдар» үйірмесі декоративтік-қолданбалы өнермен қызығатын және практикалық ептіліктер мен дағдыларды жетілдіруді, сондай-ақ шығармашылықтың берілген түрінің түрлі техникаларында, түрлі материалдармен жұмыс бойынша жаңа білімдер алуды тілейтін, көз мүгедектерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында құрылған. Үйірме қатысушыларымен жасалған үздік бұйымдар Мәдениет үйі іс-шараларында сыйлықтар ретінде пайдаланылады.
  • Шахмат үйірмесі.
  • Дойбы үйірмесі.
  • Тоғыз құмалақ ойыны әуесқойларының үйірмесі.

Спорт үйірмелері көптеген жылдар бойы жұмыс істеп, жоғарыда айтылған ойындардың әуесқойларын бірлестіреді. Үйірмелердің басшылары жаңа келгендерге үйрету жүргізеді, қалалық пен облыстық деңгейдегі турнирлер ұйымдастырады. Зағип спортсмендер республикалық сайыстарға да қатысып, оларда жүлделі орындар алады.

Байланыстар:

Заңды мекен-жайы: Қарағанды қ., Чижевский к-сі,21

Нақты мекенжайы: Қарағанды қ., Коммуна к-сі, 1

Телефондар:

8(7212) 781418

Сайт: https://dkkos.kz

Инстаграм:  https://www.instagram.com/dknezryachih/   

Youtube: https://www.yuotube.com/channel/UCBvHXdmTN1MAkHCPa1MDjww

E-mail: dkkos@mail.ru