«Бұқар жырау ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Басшысы:  ШИБАЕВА   ДАНА  ГУАЙДУЛЛАҚЫЗЫ

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ұлттық архив қоры құжаттарының сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 22 желтоқсанындағы «Ұлттық архив қоры және архивтер  туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының аудан (қала) аумағындағы бөлігіне иелік етуге, пайдалануға  билік етуге өкілеттігін жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

мемлекеттік мекеме бағдарына сәйкес Ұлттық архив қоры және таратылған ұйымдардың жеке құрам бойынша құжаттарымен толықтыру;

өкілетті орган белгілеген нысан бойынша толықтыру дереккөздері – ұйымдар тізімін жүргізу;

мемлекеттік мекемені толықтыру дереккөздері – ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, мұрағат және сараптау қызметтерімен өзара әрекет ету, оларға іс қағаздарын жүргізу мен істерді қалыптастыру кезінде құжаттарды ұйымдастыруға, құжаттардың құндылығын сараптау, оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамына іріктеу және тұрақты сақтауға тапсыру дайындағы бойынша, жеке құрам бойынша құжаттарды реттеу жөнінде, іс қағаздарын жүргізу мен  мұрағат ісі мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар (құралдар) дайындау жөнінде, ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу, мұрағат және сараптау қызметтері жұмысын жетілдіру және аталған қызметтердегі жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік және  тәжірибелік көмек көрсету;

құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу: мұрағаттық құжаттардың уақытша сақтау мерзімі аяқталған жағдайда, соның ішінде жойылған ұйымдардан келіп түскен жеке құрам бойынша құжаттарға; ерекше жағдайларда мемлекеттік мекемеге реттелмеген құжаттар келіп түскенде; мұрағат қорларында сақтауға келмейтін құжаттар мен істер болған жағдайда;

нормативтік жағдай тудыру, оңтайлы (нормативті) температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзетшілік режимдерді сақтау, өрт қауіпсіздігі және құжаттардың ұрлануы мен жоғалуына жол бермей, олардың қалыпты физикалық жай-күйін қамтамасыз ету арқылы көрінетін мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар  кешенін іске асыру.

Эл.мекен-жайы: arhiv-bzirau@mail.ru

Заңды мекен-жайы: 100400, КАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ, БОТАҚАРА кенті, АБЫЛАЙ ХАН көшесі, 38

8(72154) 21734 Факс: 8(72154) 21734