«Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ
Басшысы – Аманжолова Дина Базарбайқызы
1934 жылы қалалық кітапхананың негізінде ұйымдастырылып, 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Кітапхана өлкетану және мерзімді басылымдармен диссертациялар авторефераттар депозитарийі міндетін атқарады.
Кітапхана әруақытта кеншілер қаласының тұрғындарына – кеншілердің, құрылысшылардың, ғалымдардың, инженер-техникалық мамандық иегерлерінің сұраныстарына жауап беруге қызмет етті. Қоры техникалық және өндірістік әдебиеттермен толыға түсті. Уақыт өте келе кітапхананың міндеттері арта түсіп, облыстық мәртебесін алған соң облыс кітапханалары үшін әдістемлік орталықтың қызметін атқара бастады
Осы жылдары көптеген танымал ғалымдар, жазушылар кітапхананың оқырманы болып, кітапханалық шараларға қатысқан. Атап айтсақ, Ж.К. Бектұров, Д.А. Шаймұханов, А.Н. Тен. Я.Е. Ламм, Е. Ибрагим және ірі ғалым А.Л. Чижевский.
Кітапхана жыл сайын 21 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетеді,оларға 500 мыңнан астам құжат беріледі. Кітап қоры мазмұны жағынан білімнің әр саласын қамтиды, 400 мың данадан астам, оның ішінде 70,0 данадан астамы мемлекеттік тілде, 10,0 жуық дана шет тілдерінде. Бұлар кітаптар, диссертациялық авторефераттар, мерзімді басылымдар, СД, графикалық материалдар, карталар мен ноталар т.б. Жыл сайынғы жазылым – баспа және электронды мерзімді басылымдардың 300-ден астам атауы.
Кітапханада құнды және сирек қоры жинақталған. Аса құнды басылымдар: Аль-Джами Абдурахманның «Араб тілінің грамматикасы» 1491 жылғы қолжазбасы, «Азиатская Россия» (1914), "Введение в географию" (1790), ұлы француз суретшісі Г. Доренің суреттерімен Д. Мильтонның "Потерянный и возвращенный рай" (1895), кішкентай кітапшалар. Мерзімді басылымдардың жылдық басылымдары жинақталған: «Народное хозяйство Казахстана» 1928ж., «Большевик Казахстана» 1933ж., «Социалистическая Караганда» 1939жылдан.
Кітапхана электронды каталог және «Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер» толық мәтінді Деректер Базасын құрады. «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапхана өлкетану құжаттарын сандық форматқа көшіруде және ең құнды құжаттарды ҚазҰЭК порталына жеткізуде.
Кітапхана «Сарыарқа», «Қарағандылықтар – Кеңес Одағының Батырлары» электрондық кітапханалары, виртуалды көрмелер ақпараттық ресурстарын жасайды. Кітапхана сайтында виртуалды анықтама, кітаптарды онлайн-ұзарту, онлайн-қабылдау, құжаттарды электрондық түрде жеткізу, электрондық каталог онлайн-қызметтері ұсынылған. Электронды каталогтың көлемі 400 мыңға жуық библиографиялық жазбаны құрайды. Іс-шараларды, кітапхана қорын насихаттауда электронды афиша, онлайн-викториналар, сауалнамалар және т. б. іс шараны өткізу формалары белсенді қолданылады.
Кейінгі жылдары кітапхана іс-шараларды насихаттап, оқырмандарды тарту үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады, «Гоголевка» кітапханалық блогын алға жылжытады, «Кітапханадағы Түн», «Жазғы Оқу қаласы», «Кітапханадағы жаз», «Бір ел-бір кітап», «Есірткісіз қала» акцияларын кітап жәрмеңкелерін, буккроссингтер және т.б. ұйымдастырады. 2020 жылдан бастап кітапханада «Кешкі P.S.» жастар библиосейшні өткізілуде. Әр айдың үшінші жұмасында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін кітапхана барлық тілек білдірушілерге тегін кітапхана алаңдарын ұсынады. «Кешкі P.S.» негізгі идеясы – оқуды насихаттау, еркін қарым-қатынасқа, шығармашылыққа және демалысқа арналған бос алаң жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен қатар, кітапхана бұрынғысынша барлық жастағы және әр түрлі қызығушылықтағы оқырмандарды өзіне тартатын орталық болып табылады: олар үшін «Жыр-Жауһар» клубы, «Әдеби қонақжай», «Қазақша сөйлесейік» және «Вива, Лингва» сөйлесу клубтары, ағылшын балалар клубы, «Жас өлкетанушы» үйірмесі жұмыс істейді. Бүгінгі күні Хенд мейдтің сәнді бағыты қолданбалы өнер әуесқойларын «Шығармашылық және ғажайып» клубында жинайды. 2019 жылы кітапханада Леон Баттист атындағы оқырмандар клубы және NASA-клубы ашылды.
Кітапхана өлкетану білімі мен кітаптарын насихаттау бойынша белсенді жұмыст жүргізуде. 2018 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие болған дәстүрлі поэтикалық байқау «Қасым Аманжолов оқулары» жыл сайын өткізіледі.
Облыстық кітапхана аймақтық кітапхана саясатын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Бұл бағытта кітапхананың белгілі бір жетістіктері бар. Мемлекеттік кітапханаларды дамытуға көмек беретін нұсқаулық-әдістемелік материалдар, облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, модельдік ауылдық кітапханаларды құру мәселелері бойынша бағдарламалық құжаттар әзірленді.
Республикада кітапханамен алғаш рет "Ауыл кітапханашыларының форумы" (2002), «Ауыл энциклопедиясы» облыстық конкурсы (2003), «Оқуды қолдау Конгресі» (2004), «Жазғы Интернет Университеті» (2005, 2006, 2008, 2010, 2012, 2014) «Астанаға кітапханалық салют» республикалық фестивалі, «Жас кітапханашылар форумы» (2012), Кітапхана блогтарының облыстық конкурстары (2015), Кітапхана сайттары (2016), «Үздік аудандық кітапхана» (2018), «Үздік қалалық кітапхана» (2019) байқауларын өткізудің бастамашысы болды.
2020 жылы YouTubе арнасында облыстық кітапханалардың рөлін нығайту мақсатында «Қарағанды облысының кітапханалары» web-порталы құрылды.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана саласындағы өзгерістері үшін тиімді жұмыс істеуге, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіруге, кітапхана жұмысының тәжірибесін ұсынуға дайын.
Кітапхана қызметкерлері Крым конференциясы (1998, 2005, 2006, 2007, 2008, 2010, 2015), «Москва-LIBCOM-2005» халықаралық конференциясы, Ыстықкөл конференциясы" (2003,2007,2011), Қытай, Берлин ИФЛА (1996), Германия, Берлин (2003), Республика Южная Корея, Сеул (2006), Италия, Милан (2009), Франция, Лион (2014), Польша, Вроцлав (2017), «Білім және ғылымға арналған электронды ақпараттық ресурстар» (Турция, 2004), Тунис, (2007) халықаралық конференцияларына қатысты.
Кітапхананың 3 қызметкері «Француз оқу залы» бағдарламасы бойынша Франция кітапханаларында тағылымдамадан өтті (Марсель қ., 2005; Лион қ., 2004, Париж қ., 2002). Кітапхананың 4 қызметкері АҚШ Мемлекеттік департаментінің бағдарламасы бойынша АҚШ-тың ірі кітапханаларына (2000,2006,2012,2019), Австрияға (2017), Непалға (2019) барды.
Кітапхана қызметкерлері мемлекеттік наградалармен, ведомстволық төс белгілерімен, Мәдениет министрлігі мен Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Кітапхананың 4 қызметкері Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды.
«Рухани қазына – 2018» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Облыстық маңыздағы ең үздік кітапхана қызметкері» номинациясында кітапхана қызметкері Қайрат Рахим жеңімпаз атанды.
2020 жылы облыстық кітапхана Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жариялаған республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылып, «Оқырманы озық өлке - 2019» естелік белгісінің иегері атанды.
Мекенжайы: Қарағанды қ.,Ерубаев к., 44
Телефондары:
Басшы: 8(7212)567655
Анықтама үшін: 8(7212)567464,
Сайт https://karlib.kz
Instagram https://www.instagram.com/karlib_kz/