«Тұңғыш Президенттің тарихи – мәдени орталығы» КМҚК

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласында 2011 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылған.
Басшысы - Саргизова Саида Жамантайқызы
Орталық өзінің көпсалалы қызметін жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 4560 шаршы метр болған үш деңгейге бөлінген сәулетті-көркемдік кеңістікке ие.
Ғимараттың шығыңқы ірге қабатында қор сақтау қоймалары, инженерлік-техникалық құрылымдар, үйірме және тұрмыстық бөлмелер орналасқан.
Бірінші қабатта мәдени-бұқаралық және қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге арналған залдар орналасқан. 110 орындық кино-лекциялық залда лекторийлар, халықтық-дәстүрлі, опералық және симфониялық жанрдағы концерттер, форумдар мен мәжілістер өткізіліп, бейнефильмдер көрсетіледі.
Проекторлар және аудиоблоктармен жабдықталған 70 орындық конференц-зал ғылыми конференциялар, съездер, мәжілістер, сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттайтын іс-шараларды өткізуге арналған.
Оқу залы бар кітапханада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы толық ақпарат беретін кітаптар жинақталған. Сонымен бірге кітапхана қорында тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, қалыптасуы және даму жолдарын ашып көрсететін Н.Ә.Назарбаевтың авторлығындағы кітаптар қойылған. Кітапхана қоры әрдайым жаңа кітаптар және мерзімді баспасөз басылымдарымен толықтырылады.
Орталықтың Көркемсурет галереясында бейнелеу өнерінің әр түрлі бағытындағы Қазақстан суретшілерінің көрмелері ұйымдастырылады.
Екінші қабатта экспозициялық залдар орналасқан. Орталықта тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлін ашып көрсететін 6 экспозициялық зал бар: 1. «Тәуелсіз Қазақстан» 2. «Өз заманының перзенті» 3. «Тұлғаның ерен қабілеті» 4.«Қазақстанның құрыш келбеті» 5. «Уақыт ағымында» 6. «Қазақстан жолы».
Экспозициялық залдар ең жаңа шығармашылық және техникалық шешімдерді қолданып жабдықталған. Әрбір залда витриналардағы материалдарға қосымша 27 электронды ақпараттық Тач-скрин экранды дүңгіршектер жұмыс істейді. Олардың көмегімен экспонаттар бойынша кеңейтілген ақпараттар, қосымша фотоқұжаттық материалдар, сонымен бірге жәдігерлер бойынша бейнебаяндар алуға болады.
Байланыс мәліметтері
Мекенжай: Қарағанды обл., Теміртау қ., Республика д-лы, 40.
Телефон: +77213914360, +77213914394
E-mail:president-centre@mail.ru
Facebook: https://www.facebook.com/temcenter.kz/
Инстаграм: https://www.instagram.com/temcenter.kz/