«Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі» КМҚК

Музей басшысы: Құдабаева Бибігүл Сағынтайқызы

Құрылған күні: 28 сентября 1988 г.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, Қарағанды облысындағы жалғыз көркем өнер музейі, 1988 жылы ашылды.

Музейде 11 мыңнан астам жәдігерлер сақталған. Музейдің «Алтын қоры» 40 тан аса Еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің және 30 дан аса Қазақстан және ТМД елдері Халық суретшілерінің шығармаларынан тұрады.

Музей коллекциясындаҚазақстанның Халық суретшілері Ә.Қастеев, Н.Крутильников, Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева Н.Нұрмұхаммедов және ресейлік шеберлер С.Лучишкин, Н.Симнович-Ефимов, И.Рубан, Д.Митрохин, Я.Налус жәнеҚазақ КСР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Абылкасов, В.Крылов. суретшілер П.Антоненко, П.Реченский, Р.Есіркеев, В.Шамшин, П.Андреюк т.б. туындылары сақталған.

400 ден аса кескіндеме шығармалары, Қазақстанның және одақтас республикалардың талантты шеберлерінің графика және сәндік-қолданбалы өнер  туындылары да бар.

Музейдің мақтанышы әрі бренді болып табылатын ол саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің туындылары. Олардың ішінде танымал неміс суретшісі және өнертанушы Генрих Фогелер, А.С.Пушкин атындағы МӨМ бұрынғы директоры В.Эйферт әлемге аты мәшһүр акварелші А.Фонвизин, график суретші Л.Гамбургер, кескіндемешілер П.Фризен, С.Ивашев-Мусатов, И.Борхман, Л.Усайтис, Л.Кропивницкий және тағы басқалар.

Музейіміз 20 елден келген әйгілі график-суретшілердің Қазақстандағы ең ірі экслибрис жинақтарының (кітап белгілерінің) иегері болып табылады.

Музей қорында қазақ сәндік-қолданбалы өнері, сондай-ақ Ресей мен Украина шеберлерінің туындылары лайықты орын алады. Алыс шетел ХІХ ғасырдағы неміс және француз фарфорымен, сондай-ақ інжу-маржанмен қапталған корей ағаш заттарымен ұсынылған.

Қарағанды мүсінін көрнекті шеберлер, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Н.Гуммель және А.Билык, сондай-ақ А.Цой, Ж. Қалиев, Л. Ядринцев, Л. Смаглюк, Н. Рыбецкий, Б. Мусат кеңінен ұсынады.

Байланыс ақпарат:

100009 Қарағанды қ., Бұқар-Жырау даңғ., 76

Телефон: +7 7212 479185

E-mail: izo.karaganda@mail.ru

Сайт: www.muz-kar-izo.kz

Instagram: #karaganda_muzei_izo

VK: https://vk.com/izomuzei

Facebook: https://www.facebook.com/kar.izo.kz/

Тelegram: ИЗОМузей

Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCRmgMV54GHIcfgmfWkk5-Aw/