«Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» КМҚК

«Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» Республика Президентінің тапсырысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің 24.02.2001ж. өкімімен және Шахтинск қаласы әкімінің 30.11.2001г. шешімімен құрылған. Заңды тұлға ретінде мұражай Әділет басқармасында 19.03.2002ж. тіркелген және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәрежесіне ие. 2005 жылдан бастап мұражайдың құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі, ал мемлекеттік басқару органы – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар Басқармасы.
Алғашқы бетте мұражай бұрынғы өз еркімен жұмысқа қабылданғандардың емханасында орналасқан болатын. 2011 жылы жаңадан ашылған мұражайдың кеңейтілген экспозицияларының тұсаукесері өтті. Қазіргі уақытта мемориалдық кешеннің ерекшелігі мынада: мұражай 1933-1935 жж. мыңдаған тұтқындардың қолымен тұрғызылған Қарлаг Басқармасының тарихи маңызы бар ғимаратында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы – 3326,6 шаршы м. Келушілердің назарына 2 қабатта орналасқан 19 экспозициялық зал ұсынылды: «Қазақстандағы ашаршылық», «Қарлагтың қалыптасу тарихы», «Қарлагтың шаруашылық жұмыстары», «Әйелдер мен балалар», «Халықтар депортациясы» және т.б.
2018 жылы "Карлаг тұтқындары" және "Спасск" 2 жаңа экспозициялық залының тұсауы кесілді. 2019 жылы "30-40 жылдардағы қазақ зиялыларының саяси қуғын-сүргіні" экспозициялық залы гипс-балауыз фигураларымен толықтырылды
Музейдің тұрақты экспозицияларында саяси қуғын-сүргін тарихының мұрағаттық құжаттары, хаттар, фотосуреттер, Қарлаг тұтқындарының жеке істері және экспедициялар кезінде табылған Қарлаг тұтқындарының еңбек және тұрмыс құралдары орналастырылған. Сонымен қатар жиынтықтар ішінде лагерь тұтқындарының қолымен жасалған өнер туындылары бар.
Музейдің шығыңқы ірге қабатында орналасқан тергеу изоляторының инсталляциясы: карцер, ер адамдар мен әйелдердің камералары, тергеушінің кабинеті, азаптау бөлмесі және т.б. экскурсиядағылардың ерекше қызығушылығын туғызады. 2020 жылы "Карлаг сәбилер бөлмесі" инсталляциясы ашылды. Бұл жерде тұтқындардың қапастағы жағдайы, оларды тергеу және жеке істерін толтыру сәттері бейнеленген. Тергеу изоляторының инсталляциясы тұтқындардың, оларды бақылаушылар мен тергеушілердің гипс пен балауыздан сомдалған мүсіндерімен толықтырылған.
Орналасқан жері: Қазақстан, Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная көшесі,39
Байланыс телефондары: 8 (72156)58222 (экскурсияға алдын-ала жазылу үшін 8 (72156)58278
Е-mail: museumdolinka@mail.ru
Жұмыс уақыты:сейсенбі-жексенбі 9.00 ден 18.00-ге дейін. Түскі ас 13.00 – 14.00, демалыс күні –дүйсенбі.
Әлеуметтік желілер:
@karlagmuseum – Музей инстаграмы
www.karlagmuseum.kz - Музей сайты
https://m.facebook.com/pages/%D0%9A%D0%930/1660385514233923. - Музей фэйсбук
https://www.youtube.com/channel/UCP-k81CsX0tea2SVAuyRjRg - Музейдің Ютуб каналы
ВК: https://vk.com/public176724933 ОК: https://ok.ru/group/63253933850656
ОК: https://ok.ru/group/63253933850656
Қосымша хабарлама: Экскурсиялар 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде жүргізіледі. Экскурсияның ұзақтығы – 1,5- 2 сағат