«Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

Балқаш тарихи-өлкетану музейі 1970 жылы комсомолдар мен алғашқы құрылысшылардың ұсынысы бойынша құрылды. 1973 жылдың 25 қыркүйегінде алғашқы келушілерін қабылдап, бұл күн музейдің ресми ашылу күні болып саналады.
Балқаш музейі комплексті(тарихи-өлкетану): ол үш негізгі профильдік бағытта ( тарихи, ғылыми және этнографиялық) жұмыс жүргізеді, сондықтан да оның ұйымдық құрылымы, қор құрамы және жалпы қызмет мазмұны осы өзгешеліктеріне сай болып келеді. Өлкетану және тарихи мәдени құндылықтарды қорғау музей қызметінің басым бағыттары болып келгенмен, мұражай қорында жинақталған жәдігерлерді білімдік-тәрбиелік мақсатта кең пайдалану да көзделген.
Бүгінгі музейдің экспозициялық құрылымы – бұл Солтүстік Балқаш өңірінің тарихын сипаттайтын 4 тақырыптық залдар:
- Табиғат және экология залы – Жердегі өмірдің даму шежіресі , Балқаш өңірінің жануарлары мен өсімдіктері дүниесі, қойнауындағы қазба байлықтарының үлгілері.
- Археолгия залы – тас, қола, ерте темір дәуірілеріндегі сирек кездесетін көне заман жәдігерлерінің түпнұсқалары : тасқа қашап салынған сурет, қыш ыдыстар, түркі заманындағы тас мүсіндер.
- Этногарфия және тұрмыс залы – көшпелі қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылған ұзақ жолы, дәстүрлі тіршілік қалыбы көне көз жәдігерлер тізілімінің көрінісі арқылы бейнеленген
- Қазіргі заман тарихы залы – Солтүстік Балқаш өңірінің индустриялды игерілуінің, Балқаш қаласының іргетасының қаланып, даму жолы құжатталған ақпараттар.
Бүгінгі күнде Балқаш музейі аймақтық дәрежедегі маңызды мәдениет ошақтарының бірі бола отырып, қаламыздағы мәдени өмірдің негізгі орталықтарының арасындағы бірегейі ретінде аса құрметпен аталады. Ол тек қана бос уақытты пайдалы өткізетін орын ғана емес, көне тарих пен қазіргі заманға дейінгі тарихи уақыт куәгерлерінің де қоймасы болып табылады. Музей қоры жыл сайын белгіленген жоспар бойынша ұдайы толықтырылып отырылады. Бүгінде музей қорында әртүрлі коллекцияларға жүйеленіп, жинақталған 45000 аса жәдігерлер сақталуда.
Мекен жайымыз:
Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 12. «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК
Телефон: Музей басшысының қабылдау бөлмесі: +7710 36 65970
Анықтама: +7710 36 65930
Сайт: http://musey-balkhash.kz/ru/
E-mail: museyblh@mail.ru
Музей басшысы – Сеильханова А.К.
Instagram: @museybalqash
Facebook: Музейбалхаш История
YouTube: Балхашский городской историко-краеведческий музей