«Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік Қарағандыда 1938 жылы құрылды. Бірлестіктің қазіргі басшысы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Нүсіпұлы Ыдырысов.

Концерттік бірлестіктің өнер ұжымдар:

1983 жылы құрылған Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ұжымдардың бірі. Бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі - Бүкілресейлік дирижерлар конкурсының лауреаты Петр Грибанов.

Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі 1988 жылы құрылды. Қазір академиялық мәртебелі атағы бар және Қазақстандағы өте жоғары кәсіби шеберлігі қалыптасқан оркестр саналады. Бас дирижері – Халықаралық конкурстар лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Концерттік бірлестіктегі көрерменнің көңілінен шығып жүрген ұжымның бірі – джаз оркестрі. Ол халықаралық фестивальдің лауреаты. Бас дирижері және көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

«Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі. 1993 жылы ұлттық би өнерін насихаттау мақсатында құрылды. Қазіргі кезде ансамбльге ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Назгүл Авильхан жетекшілік етеді.

«Арқа сазы» фольклорлық ансамблі кейінгі жылдар жемісі. Құрылғанына аз уақыт өтсе де, көрермен жүрегінен лайықты орын алып отыр. Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері Байғара Садуақасов.

«Мерей» ансамблі музыкалық лекторий негізінде  құрылған болатын. Қазіргі таңда ансамбльдің жетекшісі Серік Асанбаев. Ұжымның концерт бағдарламасы классика мен заманауи шығармалардың үндестігінен тұрады.

«Әуен» ансамблі 1995 жылы құрылды. Бүгінгі күні ансамбльде бірлестіктің үздік дауыстары, халықаралық және республикалық конкурстар лаураеттары еңбек етеді. Көркемдік жетекшісі – ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Минура Мұқажанова.

«Арай» ансамблі 2011 жылы құрылды. Құрамында халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаттары еңбек етеді. Ансамбльдің қазіргі көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркенов.

Байланыстар:

Мекен-жайымыз:

Қарағанды қ., Комиссаров к-сі, 45,

Телефон: Басшының қабылдау бөлмесі 8 7212 41-10-88

Сайт: http://www.karfil.kz/

Инстаграм: @karfil.kz

Фейсбук: @karfilkz

E-mail: kobaizhanov@gmail.com