Қарағанды қаласының облыс орталығы болып тағайындалуына 90 жыл толуына орай Үміткер ауылдық клубында "Жайнай бер, қазыналы Қарағанды!" айдарымен мерекелік кеш өтті. Әдеби- сазды кеш барысында ауыл өнерпаздары Қарағанды қаласының бай тарихын, еңбек пен өнер өлкесінің асқақ рухын дәріптейтін сөздер мен жылы лебіздерін білдірді. Сахнада Кәкімбек Салықов, Несіпбек Айтұлы мен Баянғали Әлімжановтың жүрек тебірентер поэтикалық туындылары оқылып, Серік Ақсұңқарұлының сөзіне жазылған композиторлар Есжан Әміровтың әніне жазылған «Қарағанды» әні, Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі», Төлеубай Бекішовтың «Город мой, Караганда» және Саят Әбеновтың «Девочка из города Караганда» сияқты әуезді заманауи әндер шырқалды. Майра Ысқаққызы, Айнұр Саттарбекқызы, Есенгүл Шошайқызы, Асылхан Сұлтанұлы сияқты өнерпаздарымыз өз өнерлерімен көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Көрермендер белсенділік танытып, өнерпаздарға ыстық қошемет көрсетті. Айтулы іс-шара ауылдастарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ауылымыздың мәдени өмірін жандандыруға өз үлесін қосты.
06 шілде күні Үміткер ауылының хоккей кортында, ашық аспан астында Астана күніне арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында өнер жанашырлары елордамыз туралы, туған жерге, жақын жандарға деген махаббат туралы өлең-жырлар оқып, жанды дауыста әуезді әндер шырқады. Ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытып, би билеп, ән салып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор қолдау көрсетті. Белсенді ауылдастарымыз бен кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Тұрғындардың мұндай ықыласы ауылымыздың бірлігі мен берекесін тағы бір мәрте айқындады. Айтулы кеш ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жергілікті мәдениетті жандандыруға жаңа серпін берді. Алдағы уақытта да ауылды көркейту мен мәдениетін көтеру бағытындағы осындай игі істер өз жалғасын табады.
Қуанышты жаңалық!
Үміткер ауылдық округінің әкімі Залелов Ерсін Сатвалдаевич Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, жауапты еңбегі мен белсенді қызметінің нәтижесі.
Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Қарағанды облысының әкімдігіне көрсеткен сенімі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Үміткер ауылдық округінің әкімі Е.С. Залелов ауылымыздың ақ жаулықты әжелері мен ардақты аналарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.
Мерекелік кездесуде әжелер мен аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше рөлі атап өтілді. Әкім нәзік жандыларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Іс-шара барысында аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. 🌷
4 февраля 2026 года в рамках празднования Всемирного дня выборов в п.Г.Мустафина с участием заместителя территориальной избирательной комиссии Бухар-Жырауского района Кутжанова Д.М., советника акима района Курбанова Ш.Р., и акима п.Г.Мустафина Ускембековой Б.К. проведен семинар-совещание на тему - «Электоральные принципы – основа доверия избирателя», отражающая понимание выбора как результата сформированной системы правовых, институциональных и гражданских ориентиров.
На данной встрече были разъяснены стратегические принципы деятельности ЦИК РК, которые положены в основу избирательной структуры. Также для членов избирательных комиссий п.Г.Мустафина и с.Тузды были разъяснены действующие правила по обеспечению избирательных прав лиц с инвалидностью, в том числе по вопросу применения новых технологических решений для голосования лиц с инвалидностью, а также были разъяснены действующие законодательства в сфере выборов, обсуждение включения в общественную жизнь инклюзивности, а также разъяснение и обсуждение избирательных прав людей с ограниченными возможностями.
По итогам встречи заместителем председателя районной избирательной комиссии совместно с советником акима Бухар-Жырауского района был проведен личный прием граждан по имеющимся вопросам в сфере выборов.




27 января в здании районного дома культуры п.Ботакара, территориальной избирательной комиссией Бухар-Жырауского района прошла встреча с работниками бюджетных организаций приуроченных ко Всемирному дню выборов на тему разъяснение действующего законодательства в сфере выборов.

Важная информация для населения!
В соответствии с Приказом и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 29 октября 2025 года № 645 «Об утверждении Типового положения о сервисной группе органах государственных доходов» в территориальных органах государственных доходов по Карагандинской области организованы выездные сервисные группы по оказанию государственных услуг налоговыми органами и информационно-разъяснительной поддержки налогоплательщикам по исполнению налоговых обязательств, в том числе, по составлению и представлению деклараций физических лиц.
Сервисная группа оказывает государственные услуги только для отдельной категории налогоплательщиков к которым относятся:
1)лица с инвалидностью первой или второй группы;
2)лица, имеющие заболевания, при которых может устанавливаться срок временной нетрудоспособности более 2 (двух) месяцев;
3)престарелые лица старше восьмидесяти лет, которые нуждаются в постороннем уходе и помощи;
4)физические лица, проживающие в отдаленных населенных пунктах, на территории которых отсутствуют сети телекоммуникаций общего пользования.
Состав Сервисной группы по УГД по Бухар-Жыраускому району главные специалисты Сковородко Ирина Петровна и Бағынтаев Мирас Арманұлы. Дни выезда: вторник, четверг.
Подача заявки на приезд Сервисной группы осуществляется через Контакт-центр Департамента от вышеуказанной категории налогоплательщиков по номерам телефонов: (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88.
Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылатын "2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы" мен "Қазақстан Халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған "АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН ЫНТЫМАҚ - ЕЛ ИГІЛІГІ" жобасы аясында Халықаралық, республикалық ақындар айтыстары мен фестивальдарының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздегі, қоғам қайраткеі, ақын, бард қазақтың сары тентегі Қуаныш Мақсұтовпен кездесу кеші өтті. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өте әсерлі, мағыналы түрде өтті.
"25-қазан Республика күні" қарсаңында Үміткер ауылдық округінің әкімі Ерсін Сатвалдаұлы Залелов ауыл тұрғындарын мерекемен шын жүректен құттықтап, елдіктің еңсесін көтеріп, туған ауылдың өркендеуі жолында атқарып жүрген еңбектерін бағалай отыра, мереке қарсаңында және биылғы жылдың "Жұмысшылар жылы" аталуына байланысты осы мамандық иелерін алғыс хаттармен марапаттады.
Үміткер ауылдық округінде қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Ардақты ата-әжелерге арналып, дастархан жайылып, әсем әндер шырқалды, көңілді шаралар ұйымдастырылды. Бұл мерекеге Төрткөл, Үлгіден келген қадірлі аталар мен әжелер де арнайы қатысып, қуаныштыкүннің мәнін арттыра түсті. Жиналғандар бір-біріне ізгі тілек білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет өнеге көрсетудің үлгісін танытты.