Қарағанды қаласының облыс орталығы болып тағайындалуына 90 жыл толуына орай Үміткер ауылдық клубында "Жайнай бер, қазыналы Қарағанды!" айдарымен мерекелік кеш өтті. Әдеби- сазды кеш барысында ауыл өнерпаздары Қарағанды қаласының бай тарихын, еңбек пен өнер өлкесінің асқақ рухын дәріптейтін сөздер мен жылы лебіздерін білдірді. Сахнада Кәкімбек Салықов, Несіпбек Айтұлы мен Баянғали Әлімжановтың жүрек тебірентер поэтикалық туындылары оқылып, Серік Ақсұңқарұлының сөзіне жазылған композиторлар Есжан Әміровтың әніне жазылған «Қарағанды» әні, Дәулет Ырысбайұлының «Қарағанды вальсі», Төлеубай Бекішовтың «Город мой, Караганда» және Саят Әбеновтың «Девочка из города Караганда» сияқты әуезді заманауи әндер шырқалды. Майра Ысқаққызы, Айнұр Саттарбекқызы, Есенгүл Шошайқызы, Асылхан Сұлтанұлы сияқты өнерпаздарымыз өз өнерлерімен көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Көрермендер белсенділік танытып, өнерпаздарға ыстық қошемет көрсетті. Айтулы іс-шара ауылдастарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ауылымыздың мәдени өмірін жандандыруға өз үлесін қосты.