Жалпы ақпарат

Ғабиден Мұстафин кенті аппаратының әкімі
Әкімдік туралы
Ғабиден Мұстафин кенті Қарағанды облысының орталық бөлігінде, Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің әкімшілік орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан. Ғабиден Мұстафин кенті 1909 жылы құрылған. Кенттік шетінен 4 шақырым жерде Астана-Қарағанды желісіне қызмет көрсететін Нұра теміржол станциясы орналасқан. Жалпы халық саны 3563 адамды құрайды.
"Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық - құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.