Қарағанды облысының балаларға арналған "Сарыарқа дарыны" қосымша білім беру аймақтық - ғылыми-практикалық орталығы.

"Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2007 жылы "Сарыарқа дарыны"өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде құрылды.
Қызмет түрі: облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу; дарынды балаларды анықтау, іріктеу, қолдау, дамыту.

2011 жылға дейін "Сарыарқа дарыны" РҒӘО – да екі зертхана жұмыс істеді: зияткерлік жарыстар және тұлғаның шығармашылық дамуы зертханасы және инновациялық-педагогикалық қызмет зертханасы. 2012 жылдан бастап "Сарыарқа дарыны" РҒӘО қызмет саласы кеңейтілді, себебі екі зертхана: қосымша білім беру зертханасы және дене шынықтыру және спорт зертханасы енгізілді.
Қазіргі уақытта Орталық 4 жеке алынған орталықтардың қызметін біріктіреді және "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен, облыстың, республиканың, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен, мамандандырылған мектеп-интернаттармен, мектепке дейінгі ұйымдармен, жалпы білім беретін мектептермен, гимназиялармен, лицейлермен, колледждермен ынтымақтасады.