Негізгі мазмұнға өту
Мемлекеттік органдар
KK
Авторизация
Ақтоғай ауданының әкімдігі
Мәзір
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Ескерту
Барлық материал
Жаңалықтар
Медиагалерея
Оқиғалар күнтізбесі
Жарияланымдар
Бағыттары
Бағытты таңдаңыз…
Негізгі сөздер
Жариялау кезеңі
–
Барлық фильтр
Қолдану
Қалпына келтіру
0
1
03 наурыз 2023
ҚР сайлау участкелерінен тыс жерде дауыс беру
0
1
03 наурыз 2023
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері
0
1
03 наурыз 2023
Сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады
0
1
02 наурыз 2023
Қызыларай ауылындағы есептік кездесу
0
1
28 ақпан 2023
Бүгін аудан басшысы Руслан Кенжебеков, аудан орталығындағы білім беру ұйымдарында болып қайтты. Алғашқы кезекте К.Байсейітова атындағы тірек мектебіне барып, білім ошағының жұмысымен танысты. Аудан мектептері ішінде жоғары жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындырып жүрген білім ордасының ұстаздар жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ мектептің теле студиясына арнайы соғып, шағын сұқбат берді. Одан әрі ауданның білім беру ұйымдарының қара шаңырағы, ұлт көсемі Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебінде болып, жұмысымен танысты. Аудан басшысы мектеп оқушылармен кездесіп, білім үйінің жылу қазандығын көрді. Сонымен бірге, былтырғы жылы ашылған қосымша білім беру орталығына барып жай-күйін көрді. Бұдан кейін Руслан Айтыкенұлы, барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болып табылатын “Аққыз” балабақшасының тәрбиешілермен жүздесіп, бөбекжайда атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
0
1
28 ақпан 2023
Ел мен жерді аралап халық ахуалын саралап жүрген аудан әкімі, самбодан әлем чемпионы Руслан Кенжебеков, Жидебай ауылдық округінде болған сапарында Қ.Нұржанов атындағы мектепке арнайы ат басын бұрып, ұлағатты ұстаздар қауымымен кездесіп, аталмыш мектептің білім сапасы мен техникалық базасымен танысты. Алақандай ауылдағы мектеп ұжымы білім мен қатар спортқа да басымдық беріп есімі елге мәлім талай спорт саңлақтарын түлетіп ұшырған. Атап айтқанда бұл мектептен соңғы жылдары 30-ға жуық қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан спорт шеберлері мен үміткерлер шыққанын атап өтуге болады. Спорттың қазанында қайнап, бүгінгі таңда бірталай белесті бағындырған Руслан Айтыкенұлы, спортқа, оның ішінде қазақ күресіне ынталы оқушылармен боз кілемде бірге жаттығу жасап мастер-класс өткізіп, жас балуандарға жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі.
0
1
27 ақпан 2023
Аудан әкімі Руслан Айтыкенұлының тапсырмасына сәйкес, Ақтоғай ауылының орталық көшелеріне қардың мөлшерден тыс көп жаууына байланысты, сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан әкімі өзі бастап, мекеме, бөлім қызметкерлерімен қатар, ауылдың белсенді тұрғындары да қатысты. Ауылішілік қарларды тазалау және шығаруға жауапты мердігер Е.Нұртазиннің техникаларын қоса жұмылдырып көшелер бойы қардан тазаланды. Сонымен қатар “Ақтоғай-су” ЖШС (Е.Керімбай) мекемесі ұжымы да арнайы техникалармен көмек көрсетіп, белсенділік танытты. Көктемгі су тасқынын алдын-алу мақсатында барлық мекеме, кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын-үй иелерін аулалардағы қарларды шығару, суағарларды тазарту жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.
0
1
20 ақпан 2023
Білімді, тәрбиелі ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің оқумен қатар, білім алып, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты өсуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басым қағидалары. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жолдауында: – Барлық жастар арасында бұқаралық спорт түрлері насихатталуы керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы керек. Оның басына чемпиондар шықса, саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз делінген. Ақтоғай ауданының әкімі, самбодан әлем чемпионы Руслан Айтыкенұлы, Сарышаған кентіне барған сапарында елді мекеннің спорт сүйер қауымымен, жасөспірімдермен, бапкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Жас спортшыларды білімді, саналы, тәрбиелі болуға шақырды. Спорт саңылағын арнайы күткен, көздерінде от ойнаған, кеуделерінде рухы жоғары 100-ге жуық кенттің оқушы жастары мектеп интернатындағы спорт залда кездесті. Спорт саңылағынан үлкен рух, мәнді кездесуді күткен жастарға өңір басшысы кездесудің алғашқы сәтінде-ақ кентке келешекте Денешынықтыру кешенінің салынатынын айтып, мерейлерін көтеріп тастады. Кентте бүгінгі күннің өзінде, қазақ күресінен Азия кубогының, республикалық, облыстық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Жағымды жаңалыққа қуанған үлкендер батасын берсе, жастардың қуанышында шек болмады. Кездесу соңынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Кенжебеков жасөспірімдерге шабыт беріп, арнайы мастер-класс өткізді.
0
1
17 ақпан 2023
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 наурызға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілетіні жайында мәлімдеді. Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген: • Amanat партиясы; • "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы; • Қазақстан Халық партиясы; • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия"; • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы; • "Respublica партиясы" қоғамдық бірлестігі. Қарағанды облысы бойынша халық дауыс бере алатын 642 учаскі бекітілді. Сайлау учаскесіңіз туралы ақпарат алу үшін 109 нөміріне қоңырау шалыңыз. 19 наурыз күні ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізіп алмаңыз!
4
1
16 ақпан 2023
Қасиетті көкше Балқаш көлінің жағасында орналасқан Тасарал ауылына іс-сапармен барған аудан әкімі Руслан Кенжебеков, ауылдың ардақты анасы,ардагер ұстаз А.Оспанованың отбасына арнайы барып хәл сұрасты. Биыл мерейлі 70 жасқа толып жатқан аяулы жанның білім саласына сіңірген еңбегіне алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады. Білім ордасы мектепке соғып ұстаздар қауымымен, оқушыларымен кездесті. Алпыс жылдық тарихы бар білім ордасының білікті ұстаздардың еңбегін, оқушылардың білім сапасының жоғары көрсеткішін көрген аудан басшысы, ұстаздарға ризашылығын білдірді. Аталмыш ордаға қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Жұмыс сапары аясында мектеп, әкімшілік ғимараттарының жылу қазандықтарын көрді. Жуырда ашылған спорт мектебінің қазақ күресімен айналысып жүрген бір топ жасөспірімдермен кездесіп, самбодан әлем чемпионы Р.Кенжебеков шағын мастер-класс өткізіп, жастарға кәсіби спортшы ретінде кеңес берді. Ауылдың клуб үйінде өткен есепті кездесуде ауылдық округ әкімі Нұржан Сеитовтың ақпарынан соң, ауыл ақсақалдары М.Әбенов, Е.Аймағанбетовтер барша тұрғындар атынан ауылдағы су сорғы станциясына күрделі жөндеудің қажеттілігі мен медициналық пункт және мектеп салуға көмек көрсетуді сұрап, соған қажетті жұмыс ұйымдастыруын сұрады.
0
1
15 ақпан 2023
Аудан әкімі Руслан Кенжебеков халықпен есепті кездесуді әрмен қарай Шашубай кентінде жалғастырды. Алғашқы кезекте жергілікті қауымдастық өкілдерімен, ардагерлер және аналар кеңесімен кездесіп, кентінің әлеуметтік экономикалық мәселелердің даму бағдары және алда тұрған міндеттермен жоспарлар туралы пікір алмасты. Одан соң кенттегі балықшылар өкілдерімен кездесіп, Балқаш көлінің маңайындағы балықшыларды толғандырып жүрген түйткілді мәселелерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескеріп, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе шешіп, нақты шешім қабылдайтындығын жеткізді. Мәдениет үйінде өткен кездесуде кент әкімі Нариман Мангишев ақпар жасап, өңірде атқарылған жұмыстың барысымен халықты хабардар етті. Тұрғындардың сұрақтарына кезек берілді. Сөз алған С.Кусайымов, Ф.Курушева, К.Жұмабекқызы, К.Әбеуова, А.Тукбаевалар өңірдегі электр энергия, жол, құрылыс салаларында қолға алып жасайтын қордаланған істердің бар екендігін тілге тиек етіп, тиісті сала басшылырымен ақылдаса отырып шешілудің жолдарын қарастырды. Қорытынды сөз алған аудан әкімі Руслан Айтыкенұлы - Кентте жүйелі жасалынған жұмыстар бар, алайда жасалатын іс одан да көп. Алда кенттің өркендеуі жолында үлкен жоспарлар жасалынған, оны кент әкімінің ақпарынан көрдіңіздер. Оларды бір кісідей қолға алып, ел болып жұмыс жасауымыз керек,-деп жиналысты қорытындылап, жеке сұрақтарымен келген тұрғындарды қабылдады.
0
1
15 ақпан 2023
Жер-жерде әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары бүгін Ортадересін ауылдық округінде басталды. Бұл үрдіс билік пен бұқараны жақындастырудың тиімді де тікелей жолы екені белгілі. Аудан әкімі Руслан Кенжебеков, алғашқы кезекте білім ордасы мектепте болып, оның жай-күйімен танысып, жылу қазандықтарын аралап көрді. Сонымен бірге жас оқушылармен кездесіп, білім айдынындағы жолдарына сәттілік тіледі. Одан әрі Руслан Айтыкенұлы ауылдық округтегі ардақты ана, «Құрмет» орденінің иегері, Еңбек ардагері Марфуға Шойбасованың үйіне арнайы ат басын бұрып, амандасып, аналық батасын алды. Келелі кеңесті аудан әкімі ашып, ауылдық округ әкімі С.Кркруов жылдық есебін беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы ауыл халқына есеп берді. Ауылда атап атқарылған айтарлықтай біраз жұмыс жасалынған. Өңір басшысы атқарылған істер, ауылға бөлінген қаржының орынды жұмсалуы туралы ауылдық округ әкімінен есеп сұрап, халыққа атқарылып жатқан жұмыстарды саралап айтып берді. Жарыссөзге ауыл тұрғындары, Мустахаев Есенгелді, Маулен Марлен, Абильдин Еркебұлан, Өнер Нурила шығып, ауылдағы электр энергиясының жұмысының қанағаттанғыссыз екендігі, кәсіпкерлердің, шаруа қожалық егелерінің жұмысын жандандыру мақсатында бөлінген несие субсидиялардан уақытылы хабардар болып отырсақ десе, ауылдың кіре берісіндегі 9 шақырымдық жол жөнделсе, дәрігерлік пункт ауылда ашылған күнде толық күндік фельдшер жұмыс жасаса деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жалпы бұл ауыл ауыз бірлігі жарасқан, жұмыла жұдырық болып бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын, сөз алған ауыл жастарының сөз ауанынан байқалды. Ортадересіндіктер ауылдық округ әкімінің есебіне қанағаттанаарлық деп, баға берді.
1
...
12
13
14
15
16