Меню

Страницы

Статья

Uapf depositors used the pension calculator more than a million times

Қордың ең танымал сервистерінің бірі әрбір салымшыға болашақ зейнетақысын онлайн тәртібінде есептеуге мүмкіндік береді

Болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақы төлемдері бойынша әр түрлі актуарлық есептеулер жүргізуге болады. Бұл ретте ол мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына байланысты (ортақ) зейнетақы және БЖЗҚ төлемдері бойынша автоматты түрде болжам жасайды. Одан басқа міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен ашылған зейнетақы шоттары бар болса, калькулятор болашақ төлемдердің болжамды сомасын лезде шығарып береді.  

Салымшылар зейнетақы калькуляторын айына орта есеппен 84 мың рет, ал күніне шамамен 2800 рет пайдаланады. Бұл аталмыш калькулятордың салымшылар арасында танымал болып жатқандығының айқын дәлелі.

Болашақ зейнетақыны есептеу үшін зейнетақы калькуляторындағы – туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, зейнетақы жинақтарының сомасы және соңғы уақытта алып жүрген жалақысының көлеміне қатысты барлық бағандарды толтыру қажет. Егер Сіз Қордың enpf.kz сайтының жеке кабинетінде тіркелген болсаңыз, жинақтардың сомасы автоматты түрде көрсетіледі.

Осылайша есептеу нәтижесі пессимистік, реалистік және оптимистік деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетіледі. Барлық үш нұсқа табыстылықтың инфляциядан жоғары болжамды деңгейін ескереді. Болжамды нәтижелер (болжамды кезеңге тиесілі инфляция деңгейін алып тастағанда) нақты құндық шама ретінде көрсетіледі.

Айта кетелік, таяу жылдары зейнетке шығатын салымшылар үшін Қор сайтында «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» жұмыс істейді.

Қордың enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде «Зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына аудару» деп аталатын қызмет бар. Сол арқылы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді. Тиісті бағанда жынысыңызға қатысты мәліметті белгілеген соң, шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде көрсетіледі. Одан әрі кепілді мерзімді белгілейсіз. Осы мерзім ішінде сақтандыру компаниясынан төлемдер алушының қайтыс болған-болмағанына қарамастан тұрақты түрде төленіп тұрады. Әрі қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектігін есептейді.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында Қор мамандары зейнетақы калькуляторын анағұрлым ыңғайлы ете отырып, оның көрнекі сызбасын жаңартты. Енді жаңартылған калькулятордағы қорытынды нәтижелер көрнекі сызба мен төлемдер кестесі арқылы көрсетіледі. Сәйкесінше зейнетақы калькуляторын пайдалану барынша ыңғайлы бола түсті. Егер қандай да бір қиындық туындап жатса, enpf.kz сайтындағы тиісті жадынаманы пайдалануға болады. Онда калькуляторды қалай пайдалану керектігі рет-ретімен жазылған және тиісті нұсқаулық берілген.

 

Дата публикации
11 марта 2020
Дата обновления
11 марта 2020
Тип
Information

Сейчас читают

Information
10 июня 2021
QUESTIONS AND ANSWERS ON THE PROJECT " WITH A DIPLOMA IN THE VILLAGE»
Information
31 мая 2021
One bribe, two criminals!
Information
31 мая 2021
List of business entities operating under the "Ashyq" pilot»

Социальные медиа

Akimat of Abay district
Akimat of Abay district
Abay Dialogue

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты