2013 жылдың 21 маусымдағы №105-v «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 1-бабының 2-тармағына сәйкес базалық зейнетақы төлемі жеке тұлғаларға ұсынылады:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Республикалық бюджет туралы заңы аясында тиісті қаржы жылына сәйкес 01.01.2020 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс 31183 теңгені құрайды.
|
Базалық зейнетақы төлемі, сонымен қатар өтілім бойынша: |
Қатысу өтілінен пайыз |
01.01.2020ж. бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері |
Базалық зейнетақы төлемдер мөлшері |
|
10 жыл және одан аз |
54% |
31 183 |
16 839 |
|
11 |
56% |
31 183 |
17 463 |
|
12 |
58% |
31 183 |
18 087 |
|
13 |
60% |
31 183 |
18 710 |
|
14 |
62% |
31 183 |
19 334 |
|
15 |
64% |
31 183 |
19 958 |
|
16 |
66% |
31 183 |
20 581 |
|
17 |
68% |
31 183 |
21 205 |
|
18 |
70% |
31 183 |
21 829 |
|
19 |
72% |
31 183 |
22 452 |
|
20 |
74% |
31 183 |
23 076 |
|
21 |
76% |
31 183 |
23 700 |
|
22 |
78% |
31 183 |
24 323 |
|
23 |
80% |
31 183 |
24 947 |
|
24 |
82% |
31 183 |
25 571 |
|
25 |
84% |
31 183 |
26 194 |
|
26 |
86% |
31 183 |
26 818 |
|
27 |
88% |
31 183 |
27 442 |
|
28 |
90% |
31 183 |
28 065 |
|
29 |
92% |
31 183 |
28 689 |
|
30 |
94% |
31 183 |
29 313 |
|
31 |
96% |
31 183 |
29 936 |
|
32 |
98% |
31 183 |
30 560 |
|
33 және жоғары |
100% |
31 183 |
31 183 |
Мысалы:
Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға 10 жыл ғана аударым жүргізсе немесе мүлдем жұмыс істемесе онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз мөлшерінде тағайындалады.
Әр жыл сайын үстінен жұмыс істеген 10 жылға базалық зейнетақы 2 пайызға жоғарылайды. Мысалы, 20 жыл өтілі барысында базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөрістен 74 пайызды, 30 жыл – 94 пайызды құрайды. 33 және одан көп жыл өтілі барысында базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөрістен 100 пайызды құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну барысында зейнетақы жүйесіндегі өтілімге қатысы есептеледі:
Сіз Әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес қызметтерді көрсету бойынша басқармаға (Байланыс-орталығы) қалалық және мобильді телефон арқылы тәулік бойы 1411 біріңғай қысқа нөміріне хабарласып төмендегі сұрақтар бойынша жүгіне аласыз:
- зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру;
- еңбек қатынастары
- халықты жұмыспен қамту;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.
Бұдан басқа, Байланыс-орталығына www.info.mintrud.kz электронды пошта арқылы және www.info.mintrud.kz web-портал арқылы жүгінуге болады.