Меню

Страницы

Статья

I'VE REACHED RETIREMENT AGE....

Біздің бар өміріміз балалық, жасөспірімдік шақ, жастық шақ сияқты белгілі уақыт аралықтарына бөлінеді. Содан кейін зейнетақы төлемін тағайындау үшін құжаттарды дайындауды қажет ететін зейнеткерлік уақыты да келеді.

2013 жылдың 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 11 бабының 1 тармағына сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау:

2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

2020 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнет жасы 59 жас 6 айды құрайды.

59 жас 6 айға толған әйелдерге зейнетақы төлемін тағайындау үшін 2020 жылы жүгінуі қажет, себебі 2021 жылы әйелдерге тек 60 жасқа толғаннан кейін тағайындауға жүгінуге құқығы барын ескертеміз. Мысалы, 01.03.1961 жылы туылған әйелге 01.09.2020 жылдан бастап 31.12.2020 жылға дейінгі кезеңде жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау үшін жүгінбегендерге зейнетке шығу құқығы 2021 жылы  60 жасқа толғаннан кейін болады, яғни 01.03.2021 жылдан бастап.

Жеңілдік жағдайында зейнетке шығуға құқылы:

  • Заңның 11 -бап 2 тармағына сәйкес:

Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1) ерлер - 50 жасқа толғанда;

2) әйелдер - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

  • Заңның 11 -бап 3 тармағына сәйкес:

5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

 

Сіз Әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес қызметтерді көрсету бойынша басқармаға (Байланыс-орталығы) қалалық және мобильді телефон арқылы тәулік бойы 1411 біріңғай қысқа нөмеріне хабарласып төмендегі сұрақтар бойынша жүгіне аласыз:

 

- зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру;

- еңбек қатынастары

- халықты жұмыспен қамту;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, Байланыс-орталығына www.info.mintrud.kz электронды пошта арқылы  және www.info.mintrud.kz web-портал арқылы  жүгінуге болады.

Дата публикации
26 февраля 2020
Дата обновления
26 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Information
10 июня 2021
QUESTIONS AND ANSWERS ON THE PROJECT " WITH A DIPLOMA IN THE VILLAGE»
Information
31 мая 2021
One bribe, two criminals!
Information
31 мая 2021
List of business entities operating under the "Ashyq" pilot»

Социальные медиа

Akimat of Abay district
Akimat of Abay district
Abay Dialogue

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты