Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының назарына

Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының назарына

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V Заңымен «Ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу» мемлекеттік қызметі хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды.

Қызметтің нақты түріне немесе рұқсат беру тәртібінің орнына әрекетке қатысты хабарлама жасау тәртібі енгізілген кезде хабарлама жасау тәртібін енгізу сәтінде қызметтің немесе әрекеттің осы түріне жарамды рұқсаты бар жеке және заңды тұлғалар хабарлама жіберген болып есептеледі және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін ұйымдар санатына қарай Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 218 бұйрығымен бекітілген энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 4, 5 немесе 6-тармақтарына сәйкес келуі қажет.

Осы Талаптарға сәйкес болған кезде ұйымдар электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы Комитетке тиісті санаттағы энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама береді elicense.kz.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш беруші жауапты болады.

Алайда, хабарламалық тәртіп енгізілген сәттен бастап 1 және 2-санаттағы сараптамалық ұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе 3-санатқа хабарлама беріп осы салада жұмыс тәжірибесін жинамай 3 жыл тізілімге номиналды түрде қатысатын (бөгде адамдардың қызметкерлеріне білімдерін біліктілік тексерулерін жүргізу бойынша қызмет көрсету мақсатында) ұйымдардың өсу үрдісі байқалады.

Бұл тенденция 1-санаттағы сараптамалық ұйымдарға қойылатын қатаң талаптарды айналып өтуге тырысумен байланысты болуы мүмкін. 2 немесе 3-ші санатқа хабарлама жіберу арқылы ұйымдар тізілімде ресми қатысуды алады, бұл құзыреттіліктің көрінуін қалыптастыру немесе клиенттердің сенімін арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мәселе мынада, ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс пен тәжірибенің болмауы нарықтағы жалпы кәсібилік деңгейін төмендетеді. Бұл сондай-ақ бәсекелестіктің бұрмалануына әкелуі мүмкін, өйткені мұндай компаниялар тиісті сапаны қамтамасыз етпестен төмен бағамен қызметтерді ұсына алады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының қызметін, атап айтқанда энергетикалық сараптама жөніндегі қызметті лицензиялауды реттеу бөлігінде жаңа реттеуші құралды енгізу ұсынылады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы және оған РӘТ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15745246 сілтеме бойынша орналастырылған.