Абай облысы Аягөз қаласы бойынша электрмен жабдықтаудың бұзылуы туралы Пресс-релиз

2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 2330-да Аягөз ауданының 101 қызмет пультіне «Біріккен энергосервистік Компания АҚ (БЭСК) қосалқы станциясында өрт туралы хабарлама келіп түсті

Өртті сөндіру үшін 4 өрт сөндіру машинасы мен 15 қызметкер шақырылды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде өрт 2359-да оқшауланды, зардап шеккендер жоқ

Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде

Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Мамырсу ауылдық округі мен Аягөз қаласының бір бөлігін қоспағанда барлық ауылдық округтерді электрмен жабдықтау толық қамтамасыз етілді

Ең алдымен, қалада 5 орталықтандырылған жылыту қазандығын 6 қазандықты іске қосу жұмыстары басталды

Сағат 1040-та 6шы қазандықты электрмен жабдықтау қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта барлық тұтынушылар жылумен қамтамасыз етілген

"Біріккен энергосервистік Компания" АҚ (БЭСК) қызметкерлері ақауларды жою және тұрғындар үшін электр энергиясын беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Жөндеу жұмыстарын Үржар Парма Өскемен және Семей қалаларынан келген 7 БЭСК бригадасы сондай-ақ Аягөзден келген 3 бригада жүргізуде Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды

Қосалқы станцияда технологиялық бұзушылықтың себептерін анықтау және осыған ұқсас технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті арнайы комиссия құратын болады Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Қызмет бағыты