Жиі қойылатын сұрақтар
Иондаушы сәулелену көздерін әрбір алғаннан немесе бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкес, Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесі ұсынылады:
1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
6) техникалық шарттардың көшірмесі;
7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруш" (энергия өндіруші) ұйым жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
Сондай-ақ, Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес, электрмен жабдықтау объектілері кондоминимумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар тізбесі ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;
2) кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);
5) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 482-бабының 2-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады.
Сондай-ақ 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 483-бабының 2-тармағына сәйкес, абонент жалғанған желіге алғаш рет іс жүзінде белгіленген тәртіппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледі.
Тестілеу көрсетілетін Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда өткізіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген.
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандар даярлаумен айналысатын ұйымдардың тізімі
|
№ |
|
Ұйым атауы |
Лицензия нөмірі |
|
Нұр-Сұлтан қаласы |
|||
|
|
1 |
«AtomServiceGroup» ЖШС |
19000757 |
|
|
2 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК |
19014901 |
|
|
3 |
«Астана медициналық университеті» КЕАҚ |
19009260 |
|
1. |
4 |
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК |
18014537 |
|
1. |
5 |
««Спектр» кауіпсіздік және персоналды даярлау орталығы» ЖШС |
16017776 |
|
1. |
6 |
«Астана Атом» ЖШС |
20010497 |
|
1. |
7 |
«Республикалық Радиологиялық Орталық» ЖШС |
17020321 |
|
1. |
8 |
«Жаңа Жобалар Ғылыми-техникалық Орталығы» ЖШС |
14007870 |
|
Алматы қаласы |
|||
|
|
1 |
«Арша-Тау» ЖШС |
17006297 |
|
|
2 |
«НПП Гамма» ЖШС |
17002682 |
|
|
3 |
«ESS-АДРОН» ЖШС |
16017809 |
|
|
4 |
«Profi Education» кәсіптік даму орталығы» ЖШС |
17017198 |
|
|
5 |
«Жоғары технологиялар институты»ЖШС |
16008754 |
|
|
6 |
ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК |
15002179 |
|
|
7 |
«Меруерт орталығы және Компания»ЖШС |
14015599 |
|
|
8 |
«Радиациялық қорғау және экология орталығы» мекемесі |
14003853 |
|
|
9 |
«Адами ресурстарды дамыту академиясы» ЖШС |
12006355 |
|
|
10 |
«СОЛО ЛЛП (SOLO LLP)» ЖШС |
18009759 |
|
Шымкент қаласы |
|||
|
1. |
1 |
«Пром Лидер Плюс» ЖШС |
19023915 |
|
Ақтөбе облысы |
|||
|
|
1 |
«Сертис-М» ӨК |
14017869 |
|
|
2 |
«ВИАЛ-сервис» ЖШС |
12017224 |
|
|
3 |
«Алия және Ко» ЖШС |
12023752 |
|
Алматы облысы |
|||
|
|
1 |
«ТАМАС»ЖШС |
12005376 |
|
Атырау облысы |
|||
|
|
1 |
«KBB Consulting Group» ЖШС |
16016377 |
|
|
2 |
АЛИЕВА МАРИНА НУРТАСОВНА |
16001279 |
|
ШҚО |
|||
|
|
1 |
«Radiation Protection Company» ЖШС |
15003892 |
|
|
2 |
ҚР ЭМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК |
19014211 |
|
|
3 |
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ |
20009569 |
|
1. |
4 |
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ |
19024162 |
|
1 |
5 |
БАЙГАЗИНОВ ЖАНАТ АБЫЛКАНОВИЧ |
18021299 |
|
1 |
6 |
«КазСемПром» ЖШС |
20001127 |
|
Жамбыл облысы |
|||
|
|
1 |
«Радиологиялық бақылау орталығы» ЖШС |
14008650 |
|
1. |
2 |
«Радиациялық Қауіпсіздік Орталығы» ЖШС |
19024213 |
|
Қарағанды облысы |
|||
|
|
1 |
«QNP-Education» ЖШС |
19006008 |
|
Қостанай облысы |
|||
|
|
1 |
«KAZ АТОМ» ЖШС |
17017012 |
|
Маңғыстау облысы |
|||
|
|
1 |
«ПОЗИТРОН-СЕРВИС» ЖШС |
15004796 |
|
|
2 |
«АК-ГЕО-СЕРВИС» ЖШС |
14002468 |
|
|
3 |
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Казатомпром» ЖШС |
12010737 |
|
Қызылорда облысы |
|||
|
1. |
1 |
«EXIM пром эксперт» ЖШС |
20001090 |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің түрлері мен кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚР Заңына 1-қосымшаның 17-26-тармақтарында келтірілген.
Егер Сіз қызмет түрінің және/немесе онымен айналысуға ниет білдірген қызметтің кіші түрінің атауын анықтаумен қиындыққа тап болсаңыз, онда Сіз Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетіне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалып, сұрақ қоя аласыз: 50-30-77, 50-29-55, 50-29-51, 50-30-78.
Сұрақ: Лицензиялық алымды қалай төлеуге болады?
Жауап: Лицензиялық алымды төлеу төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:
Бюджеттік сыныптама коды (БСК)– 105402;
Төлем мақсатының коды (ТМК) – 911.
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді.
2020 жылғы 1 сәуірден 1 АЕК = 2 778 тенге
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым):
|
№ |
Лицензияланатын қызмет түрі |
АЕК алым мөлшерлемелері |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері: |
|
|
1. |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау |
100 |
|
2. |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу |
50 |
|
3. |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
10 |
|
4. |
Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
5 |
|
5. |
Предоставление услуг в области использования атомной энергии |
5 |
|
6. |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу |
50 |
|
7 |
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау |
50 |
|
8. |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет |
10 |
|
9. |
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау |
10 |
|
10. |
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау |
5 |
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау» бөлімінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы № 202-V Заңының 29-бабына сәйкес қызметтің барлық түрлері үшін лицензия алуға арналған құжаттардың жалпы тізімі берілген:
- Электрондық құжат нысанындағы өтініш (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін).
- Өтініш заңды немесе жеке тұлғаның атынан электронды түрде беріледі.
- Егер сіз қызметтің бірнеше түріне лицензия алғыңыз келсе, онда әрбір қызмет түріне жеке өтініш толтыру қажет. Өтінішке негіздеуші құжаттар пакеті әрбір қызмет түріне жеке болуы тиіс.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Лицензияны алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI кодексі 554-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша салық органына төленеді.
- Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
- Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
- Біліктілік талаптары бойынша құжаттар қарапайым сканерленген көшірмелер түрінде (нотариалды куәландырусыз) ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.
- Құжаттар біліктілік талаптарында көрсетілген атауларға қатаң сәйкестікте ұсынылуы қажет.
Лицензияларды алуға, қайта ресімдеуге арналған құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы қабылданады.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет:
- «Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру.
- Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе «Менің өтініштерім»-ді таңдау және кіру қажет.
Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» или «Бас тартылды».
Сұрақ Қызметтіңтүріменкіші түрін қалайанықтауға болады
Жауап Атомэнергиясынпайдаланусаласындағықызметтіңтүрлеріменкіші түрлері "Рұқсаттаржәнехабарламалартуралы"2014жылғы16мамырдағы№202VҚРЗаңына1қосымшаның17-26тармақтарындакелтірілгенЕгерсізайналысқыңызкелетін қызмет түрінің және/немесеқызметтіңкішітүрініңатауынанықтаудақиындықтар туындаса, онда сіз Энергетика министрлігінің Атомдықжәнеэнергетикалыққадағалауменбақылаукомитетінекелесінөмірлер бойынша қоңырау шалу арқылы сұрақ қоя аласыз64-81-9664-81-9764-81-9864-81-99
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) 31-бабы, 1-тармағы 16)-тармақшасына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi.
Заңның 35-бабы 1-тармағы 20)-тармақшасына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Осыған байланысты, көшені жарықтандырудың болмауы мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіну қажет.