Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау» бөлімінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы № 202-V Заңының 29-бабына сәйкес қызметтің барлық түрлері үшін лицензия алуға арналған құжаттардың жалпы тізімі берілген:
- Электрондық құжат нысанындағы өтініш (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін).
- Өтініш заңды немесе жеке тұлғаның атынан электронды түрде беріледі.
- Егер сіз қызметтің бірнеше түріне лицензия алғыңыз келсе, онда әрбір қызмет түріне жеке өтініш толтыру қажет. Өтінішке негіздеуші құжаттар пакеті әрбір қызмет түріне жеке болуы тиіс.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Лицензияны алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI кодексі 554-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша салық органына төленеді.
- Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
- Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
- Біліктілік талаптары бойынша құжаттар қарапайым сканерленген көшірмелер түрінде (нотариалды куәландырусыз) ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді.
- Құжаттар біліктілік талаптарында көрсетілген атауларға қатаң сәйкестікте ұсынылуы қажет.
Лицензияларды алуға, қайта ресімдеуге арналған құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы қабылданады.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін білу үшін сізге қажет:
- «Е-лицензиялау» порталындағы жеке кабинетіңізге кіру.
- Жеке кабинетте «Менің рұқсат құжаттарым» немесе «Менің өтініштерім»-ді таңдау және кіру қажет.
Өтініш мәртебесі келесідей өзгереді: «Қаралуда», «Берілді» или «Бас тартылды».
Сұрақ: Қызметтің түрі мен кіші түрін қалай анықтауға болады?
Жауап: Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің түрлері мен кіші түрлері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚР Заңына 1-қосымшаның 17-26-тармақтарында келтірілген. Егер сіз айналысқыңыз келетін қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауын анықтауда қиындықтар туындаса, онда сіз Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалу арқылы сұрақ қоя аласыз: 64-81-96, 64-81-97, 64-81-98, 64-81-99.
Қазақстан Республикасының МЕМСТ 13109-97 мемлекетаралық стандартында белгіленген нормаларға сәйкес электр энергиясын қабылдағыштардың шықпаларындағы кернеулер электр желісінің номиналды кернеуінен тиісінше ±5 және ±10% (номиналды кернеу кезінде 6; 12; 27; 40; 60; 110; 220 В (бір фазалы) және 40; 60; 220; 380; 660 в (үш фазалы).
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 486–бабының 1- және 2-тармақтарына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс. Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергияның сапасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда, егер заң актiлерiнде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы Кодекстiң 491-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Кодекстің 491-бабы, 1-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағы, 2)-тармақшасына сәйкес электр және жылу энергиясын тұтынушылардың жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар.
Осыған байланысты, жасалған электрмен жабдықтау шарттарына сәйкес сапасыз электр энергиясын жеткізу нәтижесінде туындаған материалдық залалды өтеу мәселелері бойынша сот органдарына жүгіну және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешу қажет.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің түрлері мен кіші түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚР Заңына 1-қосымшаның 17-26-тармақтарында келтірілген.
Егер Сіз қызмет түрінің және/немесе онымен айналысуға ниет білдірген қызметтің кіші түрінің атауын анықтаумен қиындыққа тап болсаңыз, онда Сіз Энергетика Министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетіне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалып, сұрақ қоя аласыз: 50-30-77, 50-29-55, 50-29-51, 50-30-78.
Сұрақ: Лицензиялық алымды қалай төлеуге болады?
Жауап: Лицензиялық алымды төлеу төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай деректемелер бойынша жүргізіледі:
Бюджеттік сыныптама коды (БСК)– 105402;
Төлем мақсатының коды (ТМК) – 911.
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді.
2020 жылғы 1 сәуірден 1 АЕК = 2 778 тенге
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым):
|
№ |
Лицензияланатын қызмет түрі |
АЕК алым мөлшерлемелері |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері: |
|
|
1. |
Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау |
100 |
|
2. |
Ядролық материалдармен жұмыс істеу |
50 |
|
3. |
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
10 |
|
4. |
Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу |
5 |
|
5. |
Предоставление услуг в области использования атомной энергии |
5 |
|
6. |
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу |
50 |
|
7 |
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау |
50 |
|
8. |
Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызмет |
10 |
|
9. |
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау |
10 |
|
10. |
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау |
5 |