Прокуратура актісі бойынша шетелдік жүк көлігі иесіне қайтарылды

Бас көлік прокуратурасы Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкердің құқықтарын өрескел бұзу фактісін анықтады.
Атап айтқанда, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері шетелдік кәсіпкердің тасымалданатын тауары бар жүк автокөлік құралын және құжаттарын алып қойып, уақытша сақтау қоймасында 6 айдан астам уақыт заңсыз ұстаған.
Прокуратура тарапынан қабылданған әрекет ету шараларымен шектеулер алынды, автокөлік құралы иесіне қайтарылды.
Заңдылықты бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды