Көлік прокуратурасы органдары жүргізген талдау бүкіл ел бойынша уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) қызметінде кеден заңнамасының жүйелі түрде бұзылғанын анықтады.
УСҚ-лардың тізілімге енгізілу талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Оларда теміржол жолдары, бетонды қатты төсемелер, бақылау-өткізу пункттері, бейнебақылау камералары мен қоршаулар болмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 21 қойманың қызметі тоқтатылып, олардың иелеріне қатысты 23 әкімшілік материал толтырылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық бөлімшелерге қоймаларды кәсіби деңгейге көтеру және олардың қызметін бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
УСҚ жұмысын тиісінше ұйымдастыру жүктерді өңдеу жылдамдығына, тауар айналымының үздіксіздігіне, тасымалданатын тауарлардың сақталуына және елдің инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді.
Кеден саласындағы заңдылықтың сақталуына қадағалау жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасы