Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған - Зиябекова Еркеш Даукеновнаның білім саласында атқарған еңбегі зор

Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған - Зиябекова Еркеш Даукеновнаның білім саласында атқарған еңбегі зор

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға"- деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған - Зиябекова Еркеш Даукеновнаның білім саласында атқарған еңбегі зор. Дарынды және талантты оқушыларды анықтап "Бұлақ көрсе, көзін аша білетін"- ұстаз өзі білім алтын ұясы - Бірлік орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Еркеш Даукеновна 25 тамызда 1967 жылы туған, педагог- зерттеуші. Өз ісіне шынайы берілген ұстаз, кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс- тәжірибесінің озық үлгісін көрсетіп, өз пәніне оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс- тәсілдері ұстаз еңбегінің таптырмас құралы.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстазды мектеп оқушылары мен әріптестері оның қарапайымдылығы мен шынайылығы үшін сыйлайды . Жас мамандарды тәрбиелеп, олардың кәсіби өсуіне ықпал етуде еңбегі зор. Оқушылары пәндік олимпиада, шығармашылық байқаулар, айтыстарда аудандық, облыстық, республикалық конкустарда топ жарды. Ұстаздың саналы өздеріне үлгі еткен оқушылары да бар. Тәжірибелі ұстаздың білім саласына қосқан үлесі үшін мемлекет тарапынан бағаланды. Өзінің мамандығын шынайы шынайы жақсы көретін, бүкіл өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздың бақыты да осы шығар.
- Ол рухани дамыған, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Оқытудың әр түрлі әдістерін практикаға енгізіп, оқу материалын оқушыға дайын күйінде емес, шәкіртпен бірлесе шешу жолдарын қарастыру арқылы жетістікке жету- бұл ұстаздың жаңа шешім іздеп, жаңа жол табуы жетістіктерге жетеледі. Менің жетістіктерімді жазып қоюға болады. Мұғалім ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсетіп, оны дамыту жолында көп еңбек атқарып келеді. Оқушылардың шығармашылық өсуі, міне соның дәлелі. Ұстаздың "Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі" атты жинағы, оларды шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда авторлық бағдарламалардың да ролі өте зор. Жергілікті ақын- жазушылардың шығармашылығын оқып - үйретуде 10-11 сыныптарға арналған "Әзілхан оқулары" авторлық бағдарламасын жазу,ол да мұғалімнің ізденімпаздығын көрсетеді.