Развитие общего образования в образовательных учреждениях Жарминского района на 2023-2024 учебный год

Жалпы білім беру мекемелер жүйесі – 49 мекемемен қамтылған: 38 - мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 1– кешкі, 8 балабақша, 2 қосымша білім беру. Оның ішінде: Мемлекеттік тілде білім беретін– 33, оқыту екі тілде білім беретін - 5. 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында 6560 оқушы білім алады. Олардың ішінде қалалық жерлерде – 1269, ауылдық жерлерде –5291 оқушы.
Жарма ауданы бойынша 27 –шағын жинақталған мектеп, 15 – негізгі, 21- орта, 2-бастауыш мектеп.
«Білімді ұлт- сапалы білім беру» ұлттық жобасында алдымызға қойылған міндеттердің бірі:
-орта білім беру сапасын арттыру;
-өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер арасында оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту.
Оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы күнделікті сабаққа қатысуына байланысты, мектеп жасындағы барлық балаларды жалпы орта білім берумен қамту міндетті. Аталған сұрақ үнемі бақылауда, білім бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс жүргізеді.
Білім саласындағы басты көрсеткіш – білім сапасы десек, 2023-2024 оқу жылын 64% көрсеткішпен аяқтадық.
Қазіргі уақытта білім алушыларды білім беру ұйымдарының әлеуметтік процестеріне тартуды күшейтуге бағытталған республикалық деңгейдегі жобалар әзірленіп, білім беру мекемелерінде:
-«Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару моделі;
-Оқушылар арасында дебаттық қозғалысы;
-Оқуға құштар мектеп жобалары іске асырылуда.
Документы
План
04 апреля 2024
ГОДОВОЙ ПЛАН РАБОТЫ ГУ «Отдел образования Жарминского района»
Информация
03 апреля 2024
Прием на работу педагогов
Положение
10 марта 2023
Правила проведения конкурса юных художников"Наурыз - көктем", "Наурыз бейнесі"
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы