«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауы

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңіне ауданымыздан жас суретшілер қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Байқаудың мақсаты - жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Байқау қорытындысы бойынша:
- Мақсұтбек Арай – ІІ орын, Ибраим Диана – І орын, Әлкен Бигелді – І орын /Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің оқушылары/;
- Манарбек Алина – ІІ орын, Қуаныш Қанатбек – ІІІ орын – /Георгиевка орта мектебінің оқушылары/;
- Клейн Виолета – І орын - Өнер мектебінің оқушысы.
жеңімпаз атанды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!
Қызмет бағыты